Мектеп командасы – жетістік бағдары

Мектеп командасы – білім беру ұйымдарының табысты дамуының бірегей ресурсы. NIS Педагогикалық шеберлік орталығы  2021 жылы «Мектеп командасы: тиімді басқару және білім сапасы» тақырыбында Атырау облысы мектеп басшылары мен педагогтерінің біліктілігін арттыру курсын ұйымдастырды.

Бүгінде облыстағы бірқатар мектеп командалары белсенді жұмыс атқарып келеді. Білім сапасына, өзгерістерді басқаруға, мектеп командаларын құру мен дамытуға, басқарушылық құзыреттілікті арттыруға бағытталған жұмыс нәтижесі мектептің табысты жұмыс жасауына және білім берудегі проблемаларды тиімді шешуге әсер етті.  Мектеп ұжымы – білім беру ұйымының серпінді өмір сүруі мен табысты дамуы үшін қажет бірегей ресурс. Осыған байланысты менеджменттің басым функцияларының бірі ұжымды қалыптастыру және оның тиімділігін арттыру.

2021-2022 оқу жылында Атырау өңірінің жалпы білім беретін 66 мектептің 198 педагогі «Мектеп командасы: тиімді басқару және білім сапасы» бағдарламасы бойынша біліктілік арттыру курсынан өтті. Бағдарламаның ерекшелігі мектепті басқару жүйесінде командалық жұмыс арқылы өзгеріс енгізу, мектеп ұжымын бір мақсатта, бір бағытта жанашырлықпен жұмыс жасауға бағыттау екенін курсқа қатысушы тыңдаушылардың барлығы сезінді.

Курстан кейін өздерінің білім ошақтарындағы өзгерістерін олар өз командаларын дамыту мен ынталандырудан және бағыттаудан бастады. Осылайша, мектептерде құрылған 68 командаға 641 мұғалім тартылды. Әр топ мектеп командасын енгізудің жобаларын жасады. Аталмыш курсқа бір мектептен 3 тыңдаушы келді. Оның ішінде мектеп әкімшілігі мен көшбасшы мұғалімнің бірлесе отырып, бағдарламаның идеясын тыңдап, талдауы және жоспарлауы олардың қызығушылығын одан әрі арттырды. Өйткені бағдарламадағы тиімді коммуникация идеясының мектептерге барып команда құру, оның мүшелеріне нұсқау беру кезінде бірдей ойды жеткізу, іс-әрекетті бақылау, бағалауда тиімділігі байқалды.

Тренер ретінде мен үшін команда мүшелерінің кездескен кемшіліктері мен кедергілерді ортаға сала отырып, оны шешу жолдарын ұсынуы маңызды болды. Осы кемшіліктер мен кедергілердің көпшілігі уақыттың жетіспеуін көрсетсе, кедергілері жобаның тақырыбын таңдауда екенін атап өтті. Бұл мектеп командасы мүшелерінің рефлексия және бағалау дағдыларының жетілгенін аңғартты.

Талаш УНГАРОВА,

Атырау қаласындағы

Педагогикалық шеберлік орталығы

филиалының директоры

Командалық жұмыс бізге не берді?

«Команда – күш-жігерлерін жалпы мақсатқа қол жеткізу үшін біріктірген топ». Осы анықтамаға өз педагогикалық қызметімізді негіздей отырып, «Бірге жиналу – бастама, бірге болу – ілгерілеу, бірге жұмыс істеу – жетістік» екенін біз мектебіміздегі команданың басты қағидатына айналдырдық.

Өйткені, барлық мұғалім бір салада, бір мақсат үшін қызмет атқарса да, ішкі жан дүниесі, жұмыс жасау әдісі бір-біріне ұқсамайды. Командалық жұмыста команда мүшелерінің идея генераторлығы, істі үйлестіруші, жүзеге асырушы, ынталандырушы секілді қабілеттері көріне бастады. Біз осылайша бір команда да жұмыс жасауға дағдылана түстік.  Басты мақсатымыз – команда мүшелерінің бір-бірімен тең дәрежеде екенін сезінуіне мүмкіндік жасау, сол арқылы «тең орта» қалыптастыру.

Командалық жұмыстың алғы шарттарының бірі – бірлесе жоспарлау. Жоспарлау, ең алдымен, мектептің білім алушы ұйым ретінде жұмыс істеуіне мүмкіндік жасайтынын аңғардық. Біздің мектебімізде бір мақсатқа жетуге бағыт алған үш команда жұмыс жасауда.

Команда бес ай ішінде қандай нәтиже көрсетті? Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, жиынтық бағалау барысында жақсы нәтиже көрсетті, бастысы – білім сапасы артуына ықпалы болды. Пән мұғалімдері бірлескен жоспарларды өз тәжірибелерінде қолдана алды. Біз бұл жобаларды жаңа табысқа жетуге мүмкіндік беретін баспалдақтар деп ұғынамыз.

Жамал ХАСАНОВА,

Абай атындағы орта мектеп

директоры,

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы

Мектептегі өзгерістерді қалай басқара аламыз?

Мектебімізде «Ағылшын тілі пәні бойынша 5-7 сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын арттыру» жобасын командалық жұмыс арқылы іске асыруды жоспарладық.

Жобаның алғашқы кезеңінде мектепті жақсартуға ынтасы бар, өзгелерге қолдау көрсете алатын, білімді, тәжірибелі, бастамашыл қасиеті қалыптасқан команда мүшелерінің атқаратын рөлдерін анықтап алдық. Осы тұста «Мектептегі оқытуды жетілдіру мақсатында команда өз жұмысын қалай ұйымдастырады?» деген сұрақтарға жауап іздедік. Командалық жұмысты жүзеге асыруды қамтамасыз ететін құралдарды таңдай отырып, мектеп командасын құрдық. Командалық жұмысқа бағытталған бірлескен оқу ортасын құра отырып, біз бір-бірімізді оқытуды, команда мүшелерінің қандай мақсатта қызмет атқаратындарын үйрендік.

Бұл жоба арқылы біз қандай нәтижеге қол жеткіздік? Айталық, мектептегі әрбір мұғалім білім беру сапасын арттыру мақсатында бірлесе жұмыс істейтін үлкен команданың мүшесі ролін атқарды. Мұғалімдер бірін-бірі оқыту арқылы бірлескен оқу ортасы қалыптасты, туындаған қиындықтарды тиімді шешуде сенімділік пайда болды,  өзара мықты жақтарын қолдауға және оқытудағы кемшіліктерді дер кезінде  жоюға ықпал етті.

«Деректерді талдау негізінде оқуды жақсарту бағыттары анықталды ма?» –  деген сұрақтардың   жауабын алғандаймыз, себебі ағылшын тілінде еркін сөйлейтін оқушылардың саны арта бастады. Бұл аз болса да, біздің жетістігіміз болатын.

Шынар ИСАТАЕВА,

Ф. Оңғарсынова атындағы

орта мектеп директоры

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы 

Зерделі жұмыстар 

Мектеп ұжымында педагог шеберлігін арттыруға мектеп командасы ықпал ете ме? Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі мен оқушының өз белсендігін туғыза алмаса, берген білімнің нәтиже береріне күмән бар…

«Құлыпқа кілт керек, дағдыға құнт керек» демекші, шебер бола болу үшін ынта мен жігер керек-ау деген байламдамын. Ұжым  мектеп командасының жұмыс ауқымын анықтау үшін проблемалық сұрақтарды қоя отырып, неден, қалай бастау керек екенін нақтыладық. Команданың ықпалы мен өкілеттігі қандай болатынын, білім нәтижесіне қалай қолдау көрсететінін басты назарда ұсталса, бұл жобада әріптестер бір-бірін үйретіп қана қоймай, кеңес те бере алатынына көз жеткіздік.

 «Басқаларды үйрете жүріп, өзіміз үйренеміз» деген Рим философы Сенеканың нақыл сөзі ұстанымымызға айналды. Тың идеялардың генераторы, ресурстарды зерттеуші, аналитик, команданы шабыттандырушы мамандар өздерінің атқаратын рөлдеріне жауапкершілікпен қарап, ынтымақта жұмыс істегені көңілге қуаныш ұялатты.

Зерделенген жұмыстардағы жетістігіміз – оқушылардың математикалық сауаттылық есептерін жоғары деңгейде шығара алуы болса, проблема – оқушылардың математика пәнінен жоғары деңгейдегі тапсырмаларды орындай алмауы деп тауып, оның себебі жоғары деңгейдегі математикалық пайымдау деңгейінің төмендігі деп анықтадық. Осы проблеманы  шешу жолында сабақ құрылымы, әдіс-тәсілдердің тиімділігі, кері байланыстардың берілуі, математикалық сауаттылықты жетілдіру тапсырмаларының қолдану жолдары әзірленді.

Гүлшара МЕНЕШОВА

№28 орта мектебінің директоры

Атырау қаласы

Бір ұйым – бір команда

Мектеп табысты жұмыс істеуі үшін ең маңыздысы – командадағы өзара және бірлескен қарым-қатынас. Мен өз командама дұрыс нұсқаулық бере алдым ба, жоқ па?– деп, «күніне жүз ойланып, мың толғандым»…

Мектептегі көшбасшы ретінде командалық курстан өткеннен кейін мен өз тәжірибемде нені өзгерттім? Оған курстың қандай әсері болды? Түрлі зерттеулер мен нақты практиканы талдау мектеп директорының өзгерісті жалғыз өзі жасай алмайтынын көрсеткеніндей,  жұмыстың неғұрлым тиімді болуына, жаңа дағдыларды меңгеруіне, өзіне деген сенімділікті дамытуға және мансаптық өсуі үшін оларға жақсы шешімдер қабылдауға көмектесе алған жөн. Командамен бір аудиторияда отырып оқыған курс дәрістердің артықшылықтары: перспективаларды кеңейту; жаңа идеялар мен түсініктердің тәжірибесін жалғастыру секілді идеялар біздің тамыршымыз бола алды. Бұл идеялар мені де, менің командамды да шабыттандырды.

Мен командаммен осы идеяларды жүзеге асыруға асықтым. Командалық жұмысты бастағанда көшбасшы мұғалім ретінде маған не кедергі болды? Команданың дамуына кедергі келтіріп, оның жұмысын тиімсіз ететін нәрсе –  көшбасшының ескірген әдістері мен ережелері екен. Көп проблемаларды бір мезетте түзете алмайтындығымды түсіндім. Өйткені, ұжымдағылардың бәрін бір демде командалық стильде ойлауға және жұмыс істеуге үйрету қиын.

Топтық ойлауға қарсы күрестің ең тиімді құралдарының бірі – командаға қатысы жоқ басқа адамдарды тарту немесе идеяларды сынайтын рөлді енгізу үшін «көреген тұлғамен» кері байланысқа түсу мүмкіндіктерін қарастыру екенін бағамдадым. Енді біз осы әрекетті жасап көрмекшіміз.

Алмара УТЕНОВА,

Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Атырау қаласы

Работать вместе есть успех

Меня, как директора школы, всегда волновал вопрос развития коллаборативной среды для улучшения практики педагогов, повышения качества обучения и знаний учащихся.

На свой вопрос я получила ответ на курсах нового формата, где мы постигали науку командообразования, изучали мировые тренды в школьном образовании,  прорабатывали все этапы формирования команды школы. На практическом этапе обучения наша команда, поработав над проектом «Использование эффективной обратной связи как инструмент определения прогресса и препятствий в достижений учебной цели», убедилась в эффективности работы командой, что было подтверждено сбором артефактов-доказательств учителями школы.

В результате участия в этом проекте мы создали реально работающую школьную команду, нам удалось заинтересовать весь коллектив в достижении поставленных целей, у нас создана действительная коллаборативная среда. Сегодня наша школьная команда работает над проблемой развития исследовательских навыков педагогов. Мы уверены, что работа в команде  позволит сделать нашу школу обучающей организацией образования, где будет проводиться непрерывное развитие педагогов и соответствовать требованиям XXI века, что, несомненно, приведёт к повышению качества знаний учащихся.

Толкын АЖГАЛИЕВА,

Директор СШ им. Ломоносова,

Педагог-исследователь,

Курмангазинский район, Атырауская область

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий