Саясат Нұрбек: АlmaU-да Нuawei-дың цифрлық зертханасы ашылады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек AlmaU-да қонақ болды, – деп хабарлайды осы бейіндік ведомстваның баспасөз қызметі. 
 
Алдымен ол Jalinga студиясының жұмысымен танысты. Аталмыш цифрлық студия видеолекциялар жазуға, мультимедиялық презентацияларды өткізуге арналған. Министр студияның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, AlmaU білім алушыларын Студенттер күнімен құттықтады. Университет ректоры Гүлнар Тұрдалықызы презентация көрсете отырып білім ордасының жетістіктермен бөлісті.
 
 
«AlmaU жаһандық деңгейде мойындалған comprehensive university атануды мақсат тұтады. Ендігі көздеген меже – 18 000 студентті оқуға тарту, 8 000 студентке онлайн білім беру. Jalinga студиясы – университеттің құрылымын өзгертудің алғашқы қадамдарының бірі», – деп атап өтті ректор. Іс-шара аясында ғылым мен жоғары білім жүйесінің дамуы талқыланды.
 
 
«Ғылымды қолдау бойынша бізде бар құралдар іргелі ғылымға бағытталған. Жаңа білімді құру бойынша компетенциямыз бар. Бізде жыл сайын 7000-7500 ғылыми мақала жарық көреді. Алайда ғылыми қауымдастықтың конструкторлық, инженерлік, сонымен қатар бизнес, маркетинг, ілгерілету және коммерциализация бойынша құзыреті аз», – деп атап өтті министр Саясат Нұрбек.
 
 
Кездесу соңына қарай министр сүйінші жаңалықты хабарлады. AlmaU-да алдағы уақытта Huawei-дың цифрлық зертханасы бой көтермек.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий