Әріптестер іс-тәжірибелерімен бөлісті

Зайсан ауданының мектеп кітапханашылары Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру аясында «Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеудегі жобалық жұмыстардың рөлі» тақырыбында ZOOM- платформасында онлайн-семинарда іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Модераторы Эльста Алибековна Нұрмұхамедова. Спикерлер тәжірибелі, әркімнің еңбегіндегі өз қолтаңбасы бар мамандар. Жарсу орта мектебінің кітапханашысы Гүлмайра Түркістанқызы Мамиева «Әдебиет әлеміне-автор көзімен» тақырыбында ақын-жазушылармен онлайн-кездесулері туралы сөз етті. Ол Қалқаман Сарин, Ақберен Елгезек, Кәдірбек Сегізбаев және басқалармен онлайн-кездесулер өткізу арқылы оқырмандардың кітап оқуға деген зор құлшынысын оята білді.

Қаратал орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Назира Қыдырқанқызы Калиева «Оқушылардың кітап оқуын арттыру жолдары» тақырыбында кітапханашы болып еңбек етіп жүрген мұғалімдерге арнап лайфхактармен, әлеуметтік желілері арқылы (ТикТокта https://www.tiktok.com/@nazira02kydyrkanqyzy, @nazira02kydyrkanqyzy, инстаграмда @nazira.kalieva.63 https://www.instagram.com/nazira.kalieva.63/, ютубтағы жеке канал https://www.youtube.com/channel/UCl4oMzQLH6Zxy5gs5K_nvhA) тұрақты оқырмандарды қалыптастыру жолдарымен бөлісті.

Шекарашы орта мектебінің кітапханашысы Кайникамал Қырықбайқызы Коккозова «Түнгі кітапхана» жобасы арқылы оқырмандарын кітап оқуға тарту жолдарын көрсетті. Шалғайда жатқан Жалши ауылының адамдарын отбасыларымен кітап оқуға тарту үшін кешкі, түнгі уақытты пайдаланып, кітап оқытуға деген қызығушылықты ояту үшін жоба аясында түрлі шаралар ұйымдастырған. Онлайн-семинарға 100 мектеп кітапханашысы қатысты. Ютуб каналында тікелей эфир жүргізілді (https://youtu.be/dgyJPoUBdgA).

Шалғайдағы ауылдардан қатысқан спикерлерді техникалық ақауларға қарамастан, семинарға қатысушылар зор қызығушылықпен тыңдады. Болашақта мектеп кітапханашыларының еңбектері ескеріліп, әлеуметтік статусы айқындалуына тілектеспін. Баршамыз ойлы, саналы, бәсекеге қабілетті, отансүйгіш оқырмандарды қалыптастыруға бар күшімізді салайық!

Назира  КАЛИЕВА,
Зайсан ауданы бойынша мектеп
кітапханашыларының қауымдастық жетекшісі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий