Бірлестік еуропалық деңгейге шықты

Ұлттық сананы жаңғырту, түлету, отбасы құндылығын арттыру мақсатында қарқынды жұмыс атқарып келе жатқан «Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі еуропалық деңгейге шықты. Бұған бірлестіктің ұйытқы болуымен осы жылғы тамыз айының 17-і күні елордасында ұйымдастырылған ата-аналарға арналған тамыз конференциясы себеп болды.

Ауқымды деңгейдегі алқалы жиынға «EuroParents» еуропалық ата-аналар ассоциациясының вице-президенті Aivar Haller арнайы қатысып, жемісті де нәтижелі еңбек етіп жатқан ұйымға риза болған еді. Міне, осы шақырту негізінде бірлестіктің өкілдері Астанадан Люксембургке барып қайтты. Делегация құрамында бірлестіктің құрылтайшысы, қоғам қайраткері Нұркен Асанов пен төрағасы Жансая Бердімұратқызы, төраға орынбасары Алия Жұманиязқызы және Павлодар облыстық филиалының басшысы Хызыр Жанарыс болды.

Бұл сапардың басты мақсаты – Еуропадағы жиырма бес елдің ата-аналар ұйымдарының басқарушы өкілдері қатысатын конференцияға Қазақстанның атынан серіктес ретінде қатысу. Екі күнге созылған конференцияның бірінші күнінде Люксембургте «Parents together for education» – «Ата-аналар білім алу үшін бірігеді» тақырыбында пленарлық отырысы өтті. Алдымен «EuroParents» еуропалық ата-аналар ассоциациясының Президентінің сайлауы өтіп, осыған дейін президенттілікке Victor Petuya қайта сайланды. Келесі кезекте 25 елден келген бірлестік өкілдері өздерінің жұмыс жоспарларын, атқарылып жатқан іс-шараларын таныстырды.

Нұркен Жарылқапұлы алғы сөзін ағылшын тілінде бастады. Негізі бес тілде еркін сөйлейтін қоғам қайраткерінің ана тілі – қазақ тіліне деген сүйіспеншілігі ерек екенін есті жанның бәрі біледі. Сол себептен де негізі баяндамасын қазақша жасап, бірлестіктің қалай өмірге келгеніне қазақ тілінде баяндап берді. – Ұрпақ тәрбиелеудің ұлы міндет екенін, ұлы міндет қашан да ұлы күреспен іске асатынын, бірлестіктің ашылу барысында қаншалықты керітартпалыққа тап болғанын жеткізгенде әсерлі тыңдаған қатысушылар көзіне жас алды. Тыңдармандардың ықыласы мен домбырамен ән шырқағанда еселене артып, қошемет-құрметтерін ду қол шапалақпен білдірді, – деді ол шетелдіктердің алдында сөйлеген сөзінде.

Қазақ ұлтын насихаттау мақсатында бірлестіктің логотипі салынған қазақтың ұлттық аспабы қара домбыраны ассоциацияның президентіне сыйға тартып, бұл аспаптың қазақ үшін орны ерекше екенін мақтана айтып берді. Құрылтайшының сөзін жалғаған бірлестік төрағасы Жансая Бердімұратқызы бірлестік өткізген ауқымды іс-шараларға тоқталып, алдағы кешенді жоспармен таныстырды.

Ассоциация президенті Victor Petuya мырза бір бағытта жұмыс істеп жатқан бірлестіктерге ары қарай да сәттілік тіледі. Соның ішінде ашылғанына бір жыл болса да елеулі еңбек етіп жатқан «Сенімен болашақ» РҚБ құрылтайшысы Нұркен Асановқа ризашылық алғысын білдірді. Ол алдағы уақытта тәуелсіз елімізге арнайы сапармен келіп, бірлестік жұмысымен жете танысқысы келетінін жеткізді. Сонымен қатар, сапар барысында Амстердам қаласында орналасқан «Parents International» коммерциялық емес ұйымының директоры Eszter Salamon мен кездесу өтті. Eszter ынтымақтастық пен бірлескен үлкен жобаларға әрқашан дайын екенін жеткізді.

«Сенімен Болашақ»

республикалық ата-аналар

қоғамдық бірлестігінің баспасөз қызметі,

Астана – Люксембург – Астана

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий