Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәні

Абай Құнанбайұлы – ұлы ақын, ойшыл, саяси қайраткер және біздің еліміздің тарихында үлкен із қалдырған адам. Ел президенті ҚасымЖомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен ЮНЕСКО көлемінде ұйымдастырылған бұл мерейтой барша қазақстандықтар үшін игі шара болып отыр. Сондайақ, мемлекет басшысы биылдан бастап Абай күнін тойлауды ұсынды. Себебі, данышпан Абайдың шығармаларын үнемі насихаттап отыру, ұрпақ санасына сіңдіру ұлт тәрбиесі үшін зор маңызға ие.

Кемеңгер Абайдың мол мұрасының ішінде қара сөздерінің орны бөлек. Абайдың өз айтуы бойынша, кемел жасқа келгенде, өмірлік тәжірибелерін қорытып, көргенбілгендерінен ойқорытындыларын жинақтап, көпшілікке үгітнасихат беретін философиялық туындылар жаза бастаған. Зерттеуші ғалымдардың пікіріне сүйенсек, қара сөздерді философиялық шолу деп атап, оны ортағасырлық дәстүрлі түрік прозасы үлгісіне жақын екенін айтады. Қарасөздер әңгімесұхбат жанрында жазылған. Автор өзін толғандырған сұрақты ортаға тастап, оған логикалық тұрғыдан жауап беріп отырады. Сол мәселелердің шығу төркіні мен оны болдырмаудың жолдарын көрсетіп, пікірін білдіреді. Қара сөздердің ең басты қағидасыадами құндылықтарды сақтау. Сондықтан Абай қарасөздерінің философиялық, ағартушылық, гуманистік, әлеуметтік идеялары өте жоғары бағаланады.

Қаламгердің қара сөздер атты туындысы қырық бес бөліктен тұрады. Әрі әрқайсысының тақырыптары мен қозғайтын мәселелері әртүрлі болып келеді. Тілі мен ойының көркемдігі сол – бұл шығармалармен Абай әлемдік ұлы философ деңгейіне көтерілген. Дана ойшылдың қара сөздері жалпыадамзаттық мәселелерге құрылған. Идеясы терең, тақырыбы ауқымды, көтерген мәселелері өзекті.

Ұлы ойшыл шығармаларында адам табиғаты туралы тереңнен ой толғаған. Әрбір қара сөзінің философиясы жақсы мен жаманды айыра білуге бағытталған. Ұлттық мінезқұлқымыздың қырсырына үңілген қаламгер шынайы болмысымызды ашып көрсету үшін оқырманын сарапшы әрі талғампаз болуға итермелейді. Абай қара сөздерінің өн бойында оқырманына ой түрткі болатын ақыл мен насихат пайымдаулары тұнып жатыр. Өзі өмір сүрген ортадағы қоғам жағдайын тілге тиек етеді. Автордың көркемдікидеялық стилі қоғамдық шындықты нақты мысалмен көрсетіп, соны шешуге арналған.

Данагөй қаламгердің «Сегізінші» қара сөзі ақыл мен насихатты ұқпайтын әлеуметке бағытталған. «Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды?» – деп бастайды. Қара басын ғана ойлаған ел басшыларыболыс пен бидің, малым болса басқаның не керегі бар деп рухани тозғанбайдың, тамағым тоқ болса болды деп түсінетінкедейдің жайынан Абай мысал келтіреді. Осылардың ешқайсысының артық ғылым, білім үйренуге талпынбайтынын айтады. Әрқайсысының тірлігіне жекежеке тоқталады. Ел билеп отырғандары халқына үлгі көрсетіп, ақыл айтудың орнына қызметіме зияны тиіп кетпесін деп бұзақылардың ісіне көз жұмып отырады. Көксегеніменің атыма шағым түспесе екен, қызметімнен айырылып қалмасам екен деп жанын салып абыройын сақтап қалуға тырысады. Ондай адамдарға білімін жетілдірудің, білмегенін үйренудің қажеті жоқ дейді.

Автор қазақ қоғамын билеп отырғандар осылар болса, қазақтың көзі қалай ашылсын, халыққа жақсылыққа бастайтын жолды кім нұсқасын деген мәселелерді көтереді. Қоғамның әлеуметтік топтарының әрбірінің өмір сүру салтына сын көзбен қарайды. Байлардың «адалдық, адамдық, ақыл, ғылым, білімешнәрсе малдан қымбат емес» деген пиғылдарының теріс екенін түсіндіреді. Кедейлердің: «ғылым, білімнің кедейлерге керегі жоқ», «бізді не қыласың, анау сөзді ұғарлықтарға айт» деген кертартпа мінездерін көрсетеді. Сайып келгенде, солардың ісәркеттерінен сабақ алуға шақырады. Қоғамды жайлаған осындай надан түсініктерден арылу үшін оқуға, білімге, ғылымға ден қоюды насихаттайды. Білімсіздік небір жаман нәрселерді жасауға апаратын надандықтан туатынын анықтап береді. Оқыған адам ғана көзі ашық, көкірегі ояу болатынын өз жанайқайымен жеткізеді. Әлеуметтің ақылға келмейтін бұрыс пікірлерін теріске шығарады. Ұлтының жанашыры бола білген Абай адалдық, еңбекқорлық, білімділік бүкіл адамзатты ақылға көндіретін жақсы қасиеттер екенін айтудан жалықпайды. Сол себепті ұлы гуманистің адамзатқа деген тілегінің ұшқырлығы мен құндылығы қай заманда болмасын өзектілігін жоғалтпайды.

Ғұлама Абай «Үшінші қара сөзін»: «Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғынының, қызметке таласқыш болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғынының себебі недеген сұрақпен бастайды. Данышпан философия тұрғысынан осы сұрақтарына жауап іздеп, ой толғайды. Қазақтың болмысындағы көреалмаушылық, жалқаулық мінездері туралы айтады. Алдымен бай болсам деп, балаларым да малды болса деп, тек малдың қамымен жүрген қазақ сол байлыққа қолы жеткенде, малын малшыға бақтырып, өздері жалқаулыққа бой алдырады.

Ендігі мақсатымалдың қыстауына таласып, оны сатып алады немесе арыз жазып тартып алады. «Осылар бірбіріне дос ойлай ма?» – дейді Абай. Кедей көп болса ақысы да, малы да азайып, қыстауым кеңейеді деген арам пиғылмен өмір сүреді. Сосын арыз жазып дауласып, малымның көптігіне пайдасы тиер деп болыстыққа, билікке таласадыҚарап тұрсаң, бұл әрекеттердің шынайы өмір құбылысы болғаны ақиқат. Қалай байысам деп, тек сол мал табу жолында небір қулық пен сұмдық ойлап тауып, бірбірінің аяғынан шалып отырған қоғам жайы ащы шындық еді. Егін салу, өнер үйрену, білім, ғылымға ұмтылу деген ниеттері жоқ, бос жүрген қазақ алдауарбауды ғана ойлады. Абай осының бәрінің себебі- білімсіздік пен надандық деп түсіндіреді. Өз қоғамының шындығына әбден қанық данагөй билікке оқыған адам отырса деген ниетін жазады. Тым болмаса орыс тілін білген адам билікке келсін десек, оның орысша оқып пайда табатынын айтады.

Қаламгер тіл, өнер, білім, ғылым үйренудің пайдасы зор екендігін насихаттайды. Қарасөзінің басында айтылған көреалмаушылық пен аяқтан шалу сияқты жаман әдеттерден арылу үшін бос жүрмеуге, өнер, еңбек түрін үйренуге шақырады. Жалқаулық пен өтірік айту, іштарлық сияқты мнездердің жақсылыққа апармайтынын түсіндіреді. Бұл белгілі бір ұлт үшін ғана емес барша адамзатқа ортақ мәселе. Сол себепті Абай шығармаларының гуманистік идеясы әрқашан биікте тұрады.

«Төртінші қара сөзінде» ғұламаның адам табиғатының ішкі нәзік иірімдерге тереңдей бойлай білген асқан шеберлігін байқаймыз. Бұл қара сөзінен адам жанының уайымқайғысы мен қуаныш сезімдерінің қырсырының құпиясын ашып көрсетуде Абай философиясының асқақ тұратынын көреміз. Ұлы қаламгер адам психологиясын жанжақты талдап, оны өз ой елегінен өткізіп, саралап, оқырманына қажет деген тұстарын өмірлік мысалдармен салыстыра жеткізеді. Бос күлкі мен орынсыз көп уайымқайғыға салынудың зияны туралы айтады. Егер жаныңды азапқа салатын уайымың көбейсе, соны ұзақ уақыт уайымдап, жаныңды жаралап жүре берме, сол қайғыдан құтылатын әрекет жаса дейді. Бос күлкінің еш пайдасы жоқ. Жаман кісінің қылығына рахаттанып күлме, ызаланып қана күл, бірақ оны әдет етпе. Ал, жақсы адамның жақсылық тапқанына күлсең, рақаттанып, ғибрат алып күл дейді. Көп күлкінің ішінен жағымпаздық, бояма күлкіден аулақ болуға шақырады. Оның абырой әпермейтінін түсіндіреді. Бірбіріне мақтанып, бірібірін аңдып, өмірін босқа өткізу адамға лайық әрекет емес деп түсіндіреді. Өмірдің мәні сыйластық пен адамның бірбіріне жасаған ізгі істері екенін ұқтырады. «Әуелі Құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды» – дейді Абай. Иманды болу, адамгершілік қасиеттерді жоғалтпау, бірбіріне бауырмал болу гуманистің оқырманына жолдаған асыл тілектерінің бірі.

Шынында, күнделікті күйбең тірлікте өмірдің қымқиғаш қауырт тірлігінде жүріп, кейде ашуға бой алдырып бірбірімізді сөгеміз, жамандаймыз, өзімізге артық күнә жүктейміз. Ал кейде, мансабымызды ойлап, қызметім өссе деп, байлыққа кенелсем деп, аяқтан шалу, өтірік айту, пара беріп, пара алу сияқты әрекеттерге барамыз. Осындай жаман әрекеттерден бойымызды аулақ ұстап, өзөзімізді тәрбиелеу үшін Абайдың қарасөздерін мұқият оқып, санамызға әбден сіңдіру керек. Ұлы ғұламаның ғибратқа бай шығармаларының құндылығын жадымызда сақтап, әрқашан жаңғыртып отыруымыз керек.

Қорыта келгенде, ұлы Абайдың туындылары қаншама заман өтсе де рухани азығымыз болып қала береді. Дара тұлғаның туындылары қазақ мәдениеті мен әдебиетінің баға жетпес құнды мұрасына айналғаны айтпаса да белгілі. Абай қара сөздерінің философиялық идеяларының өміршеңдігі оның өзектілігінде жатыр. Моральдықэтикалық мәселелердің түйінін шешіп, жалпыадамзаттық гуманистік ойларын паш еткен данышпанның есімі әрқашан жаңара да, жаңғыра да бермек. Бұл ретте Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Абай қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана емес, сонымен қатар ол қазақ халқының ел болуы жолында ұланғайыр еңбек еткен данагер. Абайәлемдік деңгейдегі ойшылдардың қатарындағы ғажайып тұлға» – деп бағалайды. Ал, ел Президенті ҚасымЖомарт Кемелұлы Тоқаев: «Абай мұрасыбіздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық» – дейді. Демек, Абай рухына тағзым етіп, мол мұрасын дәріптей білубіздің асыл міндетіміз!

 

Салтанат ЖОЛШЫБЕКОВА,
«Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы
және Шымкент қаласы
бойнша кәсіби
даму институтының аға оқытушысы,
филология магистрі Шымкент қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий