Топжарған талантты бала (бейне жазба)

Қазақстандық білім беру жүйесі даму үстінде, білім беруді жетілдіру мақсатында жүргізіліп отырған ауқымды іс-шаралар жетерлік. Алайда балаға білім берумен бірге өнерлі етіп тәрбиелеу ісі де қатар орындалуы маңызды. Өз іс-тәжірибем арқылы жүргізген бақылауыма сүйенсем, балаға тәрбие нәрін сіңірмесе, оның бойында ұқыптылық, уақытын үнемдеу қасиеттері қалыптаспайды.

Сайып келгенде баладан нәтиже күту, талап қою жүзеге аспайды. Осы мақсатта балалар ауылы шеңберінде көптеген іс-шаралар өткізілуде. Педагог баланың ынтасын көре білгенде ғана шынайы шеберлікке жетеді.  Біздің тәрбиеленушілер қалаған үйірмелер мен секцияларға қатысады.Спорт, қазақша ойындар, домбыра, вокал, хореография және тағы да басқа үйірмелер балалар ауылында тәрбие жоспары кестесіне сәйкес ұйымдастырылады. Әрине, бала бізге орналасқан соң тәрбиеленушіні келешекке әлеуметтендіру үшін онымен әлеуметтік педагог, психолог тәрбиешілербірлесе жұмыс жасайды. Осындай бірлесіп атқарған еңбектің  нәтижесі де көп.

Балалар ауылында жетпіс бала бар. Әр үйде (отбасында) белгілі бір бағытта тәрбие сағаттарын өткізіп, сол бағытқа көп көңіл бөлінеді. Өйткені, тәрбиелік іс-шараларциклограммамен өткізіледі. Осы арқылы тәрбиешілердің, музыка, вокал және тағы да басқа үйірме жетекшілерінің жұмыстары байқалады. Жаңа мамандар, яғни жас мамандар заманауи көзқарастағы адамдар деп айтсақ та артық болмас. Олар өз жұмысына көптеген жаңашыл технология әкеледі. Бұл – өте қуантарлық әрі ұжымға тиімділігі зорқызмет.

Домбыра үйірмесінің жетекшісі Шапатова Айгерим Майлыбаевна аз уақытта, балаларды домбыраға, ән салуға баулып, жұмысының жемісін беріп  келеді. Біздің отбасымыздың тәрбиеленушісі  4 «ғ» сынып оқушысы Кучеров Назар Павлодар қаласында ұйымдастырылған халықаралық «Festival KZ» фестиваль байқауының «Гран-при» иегері атағын жеңіп алды.  Сонымен қатар ол биылғы қараша айының 11-інде елордасында халықаралық балалар және ересектер арасындағы шығармашылық көп жанрлы «JasStar» байқауында бақ сынап, «Аспапта ойнау» жанры бойынша жүлделі бірінші орын иеленген болатын.

Назар өз қалауымен орыс сыныбынан қазақ сыныбына ауысты. Бұл – әлбетте, жоғарыда аталған үйірмеге баулудың нәтижесі және бос уақыттытиімді пайдалана білудің қорытындысы. Қазақ халқында «Жетім көрсең жебей жүр» деген асыл сөз бар. «Нұр ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Максилова  Бақытжамал Шаханқызы өзге де жұмыстары көп, уақыты аз бола тұрса да Назардың нәтижесін естіген соң орыс баласының домбыраның құлағында еркін ойнайтынына таңғалып, жетістігіне ерекше қуанып, өзінің серіктесі Райса Самсоновнамен балалар ауылына келіп, үлкен аналық жүрегімен Назарға тәтті сыйлықтарын әкелді.

Мұндайда ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін, әрине, ішің жылып, шынайы қуанасың. Домбыра үйірмесінің жетекшісі өнерлі, іздемпаз педагог Шапатова Айгерим Майлыбаевнаға және балалардың жанашыры, ел анасы Бақытжамал Шаханқызына алғысымызды білдіріп, зор денсаулық тілейміз. Тек жақсы жаңалықтар мен мерейлі сәттерде жолығып, амандықта жүздесе берейік.

Гульжанат ТАУОВА,
Павлодар қаласындағы отбасы
үлгісіндегі балалар 
ауылының
ана –тәрбиешісі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий