Колледждегі жұмыс берушілерге арналған күн

Бір ғасырлық ғұмыры бар, республикадағы оқу орындар арасында ойып алар орны бар, көпке үлгі болатындай облыс орталығындағы Жаһанша Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі көп жылдардан бері шәкірт тәрбиелеуде алда келе жатырған білім ордасы Бүгінгі студент, ертеңгі жас маманның оқу-тәрбие жүйесін жан-жақты қадағалап, үнемі жаңаға ұмтылып, құзыретті маман дайындауға бұл ұжымның мұғалімдерінің еңбегі зор.

Асем Максотқызы

Еліміз бойынша биыл тұңғыш мәрте ұйымдастырылған «Жұмыс беруші күні» мерекесіне байланысты осы кәсіби білім беретін арнаулы оқу орнының басшылығы кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында жұмыс беруші мектеп, балабақша басшыларыларын шақырып, мәні зор іс-шарада жергілікті ұжымдардың басымызды қосты. Жұмыс берушілерге ең алдымен «Шығармашылықтан-тәжірибеге» колледждің ардагер ұстаздарының портреттерінің көрмесі ұсынылып, онан кейін «Жаратылыстану STEM», «Legostem», Шетел тілі лексикологиясы мен тарихы кабинеттеріне шолу жасалып, ондағы заманға сай жабықталған құрал-жабдықтармен, жасалып жатырған жұмыстары туралы ұстаздар мен студентер таныстырылым жасады.

«Рухани мұра» мұражайында «Жобадан-ғылымға» тақырыбында Қоғамдық пәндер кафедрасының «Жаһанша жолымен», «Батыс Қазақстан облысының киелі картасы» қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының «Жалғанда өстім, Жайығым!», орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы «Образование без границ», математика және информатика кафедрасының «Сандар шежіресі мен туыстық атаулардың байланысы», «Орал қаласының флорасы» тақырыптарындағы ауқымды жобалармен таныстырып, ұйымдастырылып жатырған үлкен жұмыстың куәсі болдық.

колледж директоры – Алтынгүл Жақсығұлқызы

Содан кейін «Ынтымақтастық-колледж дамуының негізі» диалогтық алаңына жиналып, колледж директоры Алтынгүл Кайрлиева «Колледждің даму стратегиясы» мен таныстырып, жоспарларымен ой бөлісті. Колледждің НЗМ ынтымақтастық жұмыс барысы, колледждің цифрлық жүйесі туралы ақпараттар берілді. Колледждің құзіретті маман дайындаудағы «Кәсіптік педагогикалық практиканы ұйымдастыру» тақырыбында директордың ОӨЖ жөніндегі орынбасары М.Мұқашев сөз қозғады.

Жүздесу шеңберінде жұмыс берушілермен колледж ұжымы өзара пікір алмасып, өз ойларын ортаға салып, ұсыныстар айтып, тәжірибе алмасты. Ұйымдастырылған іс-шараның соңында, ынтымақтастық жұмыс аясында әлеуметтік серіктестік аясында ұзақ жылдар бірігіп жұмыс жасап келе жатырған жұмыс берушілерді колледж әкімшілігі, алғыс хаттармен марапаттады. Осындай іс-шараны ұтымды үйлестірген колледждің ұстаздар қауымына құзыретті мамандар дайындаудағы еңбектеріне шығармашылық табыстар тілеп, жұмыс берушілер атынан алғыс білдіремін!

Әсем АЙТҚАЛИЕВА,
№34 «Балбұлақ» бөбекжай меңгерушісі,
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий