Футзалда Дулати кубогы сарапқа салынды

Командалық ойындар нағыз бұқаралық сипатқа ие спорт түрлері екені белгілі. Салауатты өмір салтын насихаттаудың тиімді жолы да – осы. Жанкүйерлері де, қатысушылары да көп кіші футболдан жарыс «Тараз-Арена» спорт кешенінде өтті, – деп хабарлайды М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің баспасөз қызметі. 

Командалар «Гидро – 60. Дулати Кубогын» сарапқа салғанын атап өткен жөн. Ауқымы жағынан республикалық додадан кем түспеген жарыс М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының 60 жылдығына орай ұйымдастырылды. Жарыста10 ауданнан және Тараз қаласынан, жалпы 20 команда бақ сынады. Ауыл мен қала спортшылары арасындағы байланысты нығайтуды көздеген бастама өз үдесінен шықты.

Екі күнге созылған тартысты бәсекеде 1-орынды Дулати командасы жеңіп алды. Ал екінші орын Талас ауданынан келген футзалшылардың еншісіне тиді. Үздік үштікті жуалылықтар түйіндеді. Төрешілердің шешімі бойынша жарыстың «Ең үздік ойыншысы» Дулати университетінің оқытушысы Ізбасар Өксікбаев, «Қазфосфат» командасының қақпашысы Владимир Иваненко «Үздік қақпашы» атанды. Таластық Айбек Байқұлов – «Үздік қорғаушы», дулатилық Бауыржан Керімқұлов «Үздік шабуылшы» атағын жеңіп алды.

Жарты ғасырдан астам уақытта еңбек нарығына ең қажетті су шаруашылығы саласы мамандарын даярлап келе жатқан институттың 60 жылдығына орай ұйымдастырылған жарыс Дулати университетінің облыста оң иммиджін қалыптастыруға ықпал етері сөзсіз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий