Қазақстандық оқушылар алғаш рет робот техникадан әлем олимпиадасында екінші орынға ие болды

Оқушыларымыз кезекті рет өте жоғары деңгей көрсетіп, алғаш рет робототехникадан әлем олимпиадасында 2-орынға ие болды. Жарыс Германияның Дортмунд қаласында өтті. Шымкент қаласындағы Ж. Жабаев атындағы №26 мемлекеттік мектеп пен №9 IT-лицейінің оқушылары Иманғали Мыңжасар мен Бибарыс Михаш жеңімпаз атанды, – деп хабарлады Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне ұсынған ресми мәліметінде. 
World Robot Olympiad (WRO) 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстан бұл олимпиаданың 2014 жылдан бергі қатысушысы. Биыл 73 елдің 365 командасы финалда үздік атаққа таласты. Ал іріктеу кезеңіне бүкіл әлем бойынша 15 000 команда қатысты. Балалардың әлемдік аренадағы жеңістері ерекше мақтаныш сезімін тудырады.
Жас және дарынды жеңімпаздарымызды осындай жоғары нәтижемен құттықтаймын! Сондай-ақ олардың тәлімгерлері мен ата-аналарын да құттықтаймын! Балаларға биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспін!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий