Ұлттық мектеп лигасының жеңімпаздары

Облыстық білім басқармасының «Ғылыми-тәжірибелік денешынықтыру орталығының» үйлестіруімен «Ұлттық мектеп лигасының» жеңімпаздарын марапаттау рәсімі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы өңірдегі салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Мектепшілік спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Ұлттық мектеп лигасының» жеңімпаздарын облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нысанбаев Мұхит Аманқұлұлы марапаттады.

Бұл лигада спортшылар баскетбол, волейбол, футбол, футзал, гандбол, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, үстел теннисі, жеңіл атлетика және кросс сынды 10 спорт түрінен бақ сынасқан болатын. Жалпы командалық есепте алғашқы қатардан Тараз қаласының намысын қорғаушылар көрінсе, екінші орынды Жамбыл ауданы, үшінші орынды Байзақ ауданы иеленді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий