Өңірлік семинар ұйымдастырылды

Ақтөбе қаласының №33 “Нұрсәт” балабақшасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін іске асыру мақсатында «Құзыреттілік орталықтары», «Мектепке дейінгі ұйымдағы топта күн бойы екі педагог» тақырыбында өңірлік семинар ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жиынға басқармалардың, білім бөлімдерінің, облыстық әдістемелік орталықтардың мамандары Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының және Ақтөбе облысының Қобда, Қарғалы аудандарының пилоттық жобаларының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері шақырылған болатын.

Қатысушылар алғашқы жетістіктерімен бөлісіп, жұмыс тәжірибелерін ортаға салды. Және батыс өңірі бойынша «Құзыреттілік орталықтары», «Мектепке дейінгі ұйымдағы топта күн бойы екі педагог» жобалары шеңберінде одан әрі ынтымақтастықты жалғастыру мақұлданды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий