Ата-кәсіпке арналған жүздесу

Манғыстау ауданына қарасты Жынғылды ауылындағы ақын, ұстаз Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттағы оқушыларды қазақтың ата кәсібімен таныстыру, ұлттық тәрбие беру мақсатында «Құсбегілік, атбегілік- қазақтың көне дәстүрі» тақырыбымен кездесу ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жүздесуге мектеп-интернаттың түлектері, белгілі құсбегі, бірнеше дүркін республикалық жарыстардың жүлдегері Айшуақ Тайманов пен 1200шақырымдық бәйгеде бас жүлдені қанжығаға байлаған Көкмойнақ командасының мүшесі, сейіс Аманғали Бағдабаев келіп, атбегілік пен құсбегіліктің қыр-сырымен бөлісіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Кездесу кешінде мектебіміздің түлегі, жыршы Сағымбай Ниязтұрлы күй тартып, жыр айтып келген қонақтарға жақсы көңіл- күй сыйлады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий