Д.И. Менделеев кестесіндегі биогенді элементтерді электронды форматта қолдану маңыздылығы, тұлға қызығушылығын арттырудағы рөлі
Егер сіз әр түрлі кестені зерттеуді түрлі-түсті және түсінікті қосымшаның көмегімен химиялық валенттілік ұғымымен таныстырсаңыз, ынталандырсаңыз, өмірде қажетті жағдайларда пайдалануға үйренеді, адам ағзасындағы элементтердің биологиялық рөлін, артықшылығын, кемшілігін, уыттылғын электронды форматта оқушыларға түсіндірсек химия ғылымына қызығушылығы 7- сыныптан бастап артады.
Элементтердің бұл тобы адам ағзасы массасының 90% құрайды және оларды макро, микро, ултрамикроэлементтер деп атайды. Қазіргі таңда ғылымда белгілі болып отырған 120- химиялық элементтің 70-ға жуығы тірі ағзаның құрамынан байқалып отыр. Оның ішіндегі елу алтыға жуық элементер макроэлементтер адам ағзасында үлкен роль атқарады, осы эленттердің адам ағзасындағы құрамы, биологиялық рөлі, дерекөздер, күнделікті қажеттілігі, кемшілігі, артықшылығы, уыттылығы туралы осы бағдарламада нақты видиода электронды форматты көрсетілген.
Сондықтан да периодтық кесте құндылығы, тұлғаның танымдық қызығушылығы мен потенциалдық мүмкіншілігін көрсете білу іскерлігін қалыптастыру болып табылуында. Бүгінгі тәжірбиемде биогенді элементтер атты Мендеелев кестесін оқыту барысында лған білмдерін quizizz.com, kahoot бағдарламаларымен тексердім 35 оқушының 32 оқушысы (91,2%) түсінгенін, ал жай қарапайым кестемен 30 оқушының 17 ғана (56,6%) оқушы түсінгенін сауалнама алу арқылы анықтадым.
Химияны оқып үйренуге арналған ең жақсы бағдарламалардың бірі. Адам ағзасындағы биогенді элементтер форматы тек қазақ тілінде қол жетімді, бағдарламаның қаншалықты жақсы екенін түсіну үшін визуалды көріп есте сақтап қалуы, оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығыны артты.
Қорытындылай келе: танымдық іс-әрекет үдерісінде алынған білімнің, жеке тұлғаға болашақта тиянақты, шығармашылық қабілеттері жан – жақты дамыған, кез келген мәселелерден шығудың әртүрлі шешімдерін табуына көмектесетін, оқушы біліміне пайдалы екендігіне көз жеткіздім. Екінші – биогендік элементтердің қасиеттері. Бұл элективті курс мектепте өту үшін маңызды биологиялық химия курсы, өйткені оны оқу барысында білім алушылар мұны біледі тірі организмдерге әсер ететін биогенді элементтер бар және олардың әсері оң және теріс болуы мүмкін.
Сонымен қатар, білім алушылардың кәсіби таңдауды таңдауға көмектеседі. Өмір үшін және одан әрі маңызды оқушылардың оқу және кәсіби қызметін арттырады.
Жадыра Рахманқұлқызы ШӘБДЕН,
А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының
химия, биология пәндерінің мұғалімі. ҚР Білім және
ғылым министрлігі «Үздік педагог-2020» төс белгісінің
иегері, Шымент қаласы