Кәсіби саладағы ерекше білім

Елорда төрінде орналасқан “Қазақстандық Швейцария-Американдық колледжі” 2022-2023 оқу жылы  басталғалы мемлекеттік тапсырыс бойынша өз қатарына ерекше білім беру қажеттіліктері бар 51 талапкерді қабылдады.

Осылайша, колледж Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “2025 жылға дейін мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспар” бағдарламасын іске асыру шеңберінде 18-тармаққа сәйкес мемлекетіміздің азаматтары арасында қоғамды инклюзиялауды дамыту процесіне қатысуда.

Ерекше білім беруді қажет ететіндердің бірі Полина Кононова. Ол қазір колледждің  «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 1 курс студенті. Ақылды, зерек ойлы Полина “реабилитология мен курортологияның басым бағыттары” Халықаралық деңгейдегі ғылыми конференцияға қатысушы. Жақсы ән айтады, спорттық іс-шараларда да белсенді. География пәні мұғалімінің айтуынша, талантты да талапты Полина көзі нашар көргенімен, жазба жұмыстарын жасамаса да, аудио, видео материалдарды тыңдайды, өз ойын ашық жеткізеді, өмірлік принциптері бар тұлға. Сондай-ақ, топтың басшысы.

Мөлдір Сабитбек те биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылданғандардың бірі. Ол қазір «Аударма ісі» мамандығының 1 курс студенті. Мөлдір көптеген өлеңдер мен әндердің авторы, музыкалық байқаулар мен шығармашылық кештердің жүлдегері, СММ және таргет курстарын аяқтағаны туралы сертификаты да бар. “Жанды поэтикалық сөз – 2020” республикалық байқауының бас жүлде иегері. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің айтуынша,  Мөлдір өте ашық, балалармен тез тіл табыса алады, өз ойын еркін, анық, айқын жеткізе алады. Кітапты да көп оқитын көрінеді. Ұшқыр ойлы, жаңа материалды тез қабылдайды, логикалық, сыни ойлау қабілеттері де жақсы дамыған.

Бірегей оқу орны “Ана құшағы” қоғамдық қоры, “Астана қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ, “Параолимпиадалық жаттығу орталығы” КММ, “Мама PRO” қоғамдық қоры, “Жас-Нұр “саңыраулар қауымдастығы” қоғамдық бірлестігі, “Астана әлеуметтік технологиялар” қоғамдық бірлестігі, “Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы”,”Балам-ай” мүгедек балаларды қолдау қайырымдылық қоры, “Жан” мүгедектер құқықтары жөніндегі Азия қоғамы” қоғамдық бірлестігінің Астана филиалы сияқты қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықта.

“2025 жылға дейін ҚР мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспардың” 19-тармағына сәйкес, яғни “мүгедектер мен қарт азаматтарға арнаулы, әлеуметтік қызметтер көрсететін әлеуметтік қызметкерлерді оқыту бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру” колледжде “әлеуметтік жұмыс” мамандығы студенттерінің практикасы ұйымдастырылып, олар өз қызметтерін тәжірибеде қолданады.

Сондай-ақ, “Sozial wave” еріктілер клубының жұмысы ұйымдастырылды. Қызметі мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету, олардың қоғамға әлеуметтік бейімделуіне жәрдемдесу. Айта кетейік, “Қазақстандық Швейцария-Американдық колледж” ЖШС-де “Жұмыс беруші күніне” арналған кадрлар даярлаудың өзекті тақырыптары бойынша диалог алаңы ұйымдастырылды. Онда дуальді оқытуға, кадрларды нысаналы даярлауға қатысатын кәсіпорындардың, бизнес қоғамдастық өкілдерінің, Астана қаласының Бала құқықтары жөніндегі уәкілінің, Елорданың ірі кәсіпорындары басшыларының, қалалық басқармалардың басшылары, ҮЕҰ және қоғамдық қорлардың басшылары, ата-аналар қауымы және колледж студенттері, Мәжіліс және мәслихат депутаттары қатысты.

Іс-шара жұмыс берушілермен кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша одан әрі және тиімді ынтымақтастық мақсатында өткізілді. Студенттердің әлеуметтік серіктестермен кездесуі, бетпе-бет сөйлесуі, болашақта тығыз қарым-қатынаста болып, жұмысқа орналасу процессін жеңілдету, дайын кәсіби кадрларды дайындау мақсатында осындай іс-шаралар жиі ұйымдастырылады.

Шара барысында колледж бен “МемГрадКадастр” РМК мен Green TAL әлеуметтік кәсіпорны арасында меморандумдарға қол қойылып, сондай-ақ ЖК «Омаров Санжар Әзімжанұлымен» (көктем Орталық қалалық кафесі) шарт жасасты. Коллежде мамандықтар бойынша әлеуметтік серіктестер де бар.

Мәселен, “Тамақтандыруды ұйымдастыру”  мамандығына ИП “ПрофАстана” (Coffee Boom Астана), Galmart, ИП Умаров Санжар Азимжанович (центральное городское кафе Коктем), Социальное кафе “Кунде”. “Қонақ үй бизнесі” бойынша “Aldar Euroasia Hospitality” (Sheraton Astana Hotel) ЖШС, “Diplomat Apartment Hotel” ЖШС, “Caspian center” (Каспийский центр) ЖШС, “VIP Клиника” ЖШС, “АТИКО-Астана” ЖШС. Ал,  “Туризм” мамандығына Турфирма “Rahat elle tour”. “Аударма ісі” бойынша “Бюро переводов “Center Nur”, “М консалт” бюро переводов”, “Переводческое бюро Армада” ЖШС,”Радость 2013 кор. Центр Ганада” ЖШС, ИП “Бочаров А.Ф”. “Геодезия және картография” бойынша “Ұлттық геологиялық қызмет” АҚ, “РГП “ГосГрадКадастр”, “Жол қозғалысын ұйымдастыру” мамандығына “УП район Есиль ДП г. Астана”. “Автомобиль жолдары мен аэродромдарды салу” бойынша  “СпецТреидТМ”. “Әлеуметтік қызмет” мамандығында “КГУ “Центр оказания спецальных социальных услуг поселка Жолымбет”, Green TAL, “Кунде” әлеуметтік кафесі, “ЖасНұр саңыраулар қауымдастығы” ҚБ, “АСТ Астана социальных технологии” ҚБ, “Общество детей-инвалидов города Астана” ҚБ, “Балам-ай” мүгедек балаларды қолдау қайырымдылық қоры” қоғамдық қоры, “Азиатское общество по правам инвалидов “Жан” қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалы, “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ. Сондай-ақ, “Бағдарламалық қамтамасыз ету”  бойынша “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ, “Позитив-НС” ЖШС, “Daco software” ЖШС, “Sergek Development LTD” ЖШС, “ABC Design” ЖШС.

Жалпы білім ордасы 2003 жылғы 23 ақпандағы № 0010037 мемлекеттік лицензия негізінде жұмыс істейді. Колледж халықтың және жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес техникалық және қызмет көрсететін еңбек мамандарын шығарады, кең сапалы білімі бар жаңа формациядағы мобильді және бастамашыл Еңбек ресурстарын дайындайды. Колледждің білім беру саясатының нысаналы басымдығы-техникалық және кәсіптік білім беру саласында сапалы білім беру қызметтерін ұсыну, мемлекеттік тапсырыс пен жұмыс берушілердің қазіргі заманғы сұраныстарын ескере отырып, білім берудің инновациялық сипатын қамтамасыз ету. Еңбек нарығында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті, жоғары білікті, зияткерлік мамандарды даярлаудың заманауи орталығы – жаңа үлгідегі колледж моделін құруға бағытталған.

Колледжде бүгінде 896 студент, оның ішінде грантта – 525, ақылы оқытуда – 371 студент білім алуда. Оқу ордасында «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Қонақ үй бизнесі», «Туризм», «Аударма ісі», «Интерьер дизайны», «Геодезия және картография», «Жол қозғалысын ұйымдастыру», «Автомобиль жолдары мен аэродромдарды салу», «Әлеуметтік қызмет», «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтар оқытылады. 

Колледжде Қазақстанның ең мықты, жоғары білімді, жұмыс тәжірибесі мол, жан-жақты, жанашыр, нағыз ұстаз, тәлімгер деген атқа лайықты мұғалімдер жұмыс істейді. Педагогикалық құрамда барлығы 45 оқытушы, олардың ішінде магистрлер, ғылым кандидаттары, PHD кандидаттары, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы, педагог-модераторлар бар. Биыл қараша айында жас педагогтардың арасында ұйымдастырылған «Үздік жас маман» қалалық конкурсының бас жүлдесін Есеноманова Мадина Сапарбековқызы арнайы пәндер оқытушысы иеленді.

Зейін ЕРҒАЛИ 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий