«Білімді ел – Образованная страна» газеті шығармашылық байқау жариялайды!

Құрметті оқырмандар! «Білімді ел – Образованная страна» газеті шығармашылық байқау жариялайды! Еліміздің елеулі мерекесіне орай, «Тәу етер тәуелсіздік!» тақырыбында бейнежазба түсір де, бізді белгіле! Үздік атан да, сыйлық ұтып ал!

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ:
1. Байқауға «Тәу етер тәуелсіздік!» тақырыбында қойылым, ашық сабақ немесе креативті ролик түсірген республикамыздың барлық педагогтары мен оқушылары, студенттері қатыса алады.
2. Басылымның әлеуметтік парақшаларын (Instagram, Facebook, TikTok) белгілеген материалдар қабылданады.
3. Үміткерлердің материалдары еліміздің 2000 жылдан бүгінге дейінгі тарихын қамтуы тиіс.
4. Материалдар 2022 жылғы 22 қарашадан бастап 2022 жылғы 15 желтоқсанға дейін сағат 18:00-ге дейін қабылданады.
5. Байқауға келіп түскен бейнероликтер редакция алқасының шешіміне сәйкес, «Үздік креативті ролик», «Үздік ашық сабақ», «Үздік қойылым» деп танылған материалдардың авторлары марапаттауға ұсынылады. Әр номинация бойынша газетке жазылым мен бағалы сыйлықтар беріледі.

Конкурстың материалдары «Білімді ел – Образованная страна» газетінің сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланады. Сұрақтар 8-775-608-04-63 телефон нөмірі және 8-701-530-49-59 WhatsApp нөмірі арқылы қабылданады.

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз:
Intagram: bilimdi_el
Facebook: bilimdinews
TikTok: @bilimdinews.kz

Сәттілік серігің болсын, оқырман!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий