Ақмолалық студенттер республиканың үздіктері қатарында

Жыл сайынғы “Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті” республикалық байқауы өз мәресіне жетті, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Байқау техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының үздік 100 студентін тануға бағытталған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жыл сайынғы байқау талантты жастарды қолдау, білім, дағдының арқасында жетістікке жеткен ТжКБ ұйымдарының жұмыс біліктілігі мен үздік студенттерін дәріптеу мақсатында өткізіледі. Биыл өңіріміздің 7 студенті “Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті” қатарына кірді. 

Репина Олеся – «Арна» Кокшетау жоғары колледжі, «Аударма ісі» мамандығының 3 курс студенті;
Буркитов Нурсултан – Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі, «Өрт қауіпсіздігі» мамандығының 2 курс студенті;
Арапова Қарлығаш – Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, «Бастауыш білім беру» мамандығының 4 курс студенті;
Кеңес Ризат – Көкшетау қаласы, жоғары техникалык колледжі, «Сәулет» мамандығының 4 курс студенті;
Серкен Мадияр – Красный Яр ауылы, агротехникалық колледжі, «Ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығының 4 курс студенті;
Бегалин Руслан – Есіл қаласы, агротехникалық колледжі, «Фермерлік шаруашылық» мамандығының 3 курс студенті;
Қабиболла Еламан – Шағалалы ауылы, жоғары агротехникалық колледжі, «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының 4 курс студенті.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Ақмола облысынан конкурстың республикалық кезеңіне қатысу үшін облыстық кезеңнің жеңімпазы атанған 10 студент жіберілген болатын. Жеңістеріңізбен құттықтаймыз! Сәттілік тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий