Дарынды шәкірт – білікті ұстаздан

Баланың бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт-бағдар беру-әр ұстаздың, әрбір білім жолында қызмет еткен жандар үшін маңызды міндет болып есептеледі. Қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын оқып-үйреніп, күнделікті сабақтарда шығармашылықпен пайдаланып отырса, нәтижесін берері сөзсіз.

Ол үшін дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі, нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай ізденуі, жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылуы, ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы, оқушымен жиі қарым-қатынаста болуы сияқты талаптарды орындайды. Міржақып Дулатов қазақ арасында көбіне көзге түспей, түссе де еленбей жүрген ғылым-білімге, өнерге зерек, дарынды балаларды оқытып тәрбиелеудің мәні жайында сөз ете келіп, дарындылықтың кейбір психологиялық астарына үңіледі.

Ол «Туысында қанша зеректік болса да – ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне жетпейді. Кімде-кім өзінің табиғатында не нәрсеге шеберлік барын сезіп, өз жолына түссе ғана, көзге айнытпай сала білсе, жақсы жазушы да адамның ішкі сырын, мінезін, әдетін бұлжытпай көрсете біледі, оқығанда көріп тұрғандай боласың…» деп түйіндейді. «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін – білім», – деп қазақтың көрнекті қаламгері Мұхтар Әуезов атап көрсеткеніндей, егемен елдің келешегі кемел білім мен ұлағатты тәрбиеге байланысты.

Қабілет – іс –әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті.. Қазірге дейін ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі түрлі көзқарас бар. Біреулері кез келген бала дарынды, тек уақытында нақты қабілетін анықтап, дамыту керек дейді. Ал қарсы көзқарастағылардың айтуынша, дарындылық – өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән. Сондықтан дарынды балаларды іздеу алтын түйірін іздегенмен бірдей.

Біз дарынды деп белгілі бір қабілеті көпшіліктің орташа қабілетінен ерекшеленетінін айтып жүрміз. Өмір сүретін орта, берілетін тәрбие осы ерекшеліктің одан әрі дамуына көмектеседі. Қолайлы ақуал, тамаша кәсіби ұстаздық ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра алады. Дарындылықты дамытуда оқытудың әртүрлі жаңа технологияларын тиімді пайдалануы керек. Дарынды оқушы тәрбиелеудегі мақсат – әр оқушыны жеке бас ерекшелігін дамыту негізгі бағытын анықтау үшін жағдай туғызу.

Оқу үрдісіндегі  дарынды оқушының қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру мақсатында мынадай жұмыстар орын алуда. Шығармашылық жұмыстар; интеллектуалдық ойындар жүргізу; ғылыми жоба жұмыстарын қорғау; дебат, рекорд сабақтарына қатысу. Осындай жүйелі жұмыстардың қорытындысы жеке тұлғаның қалыптасуының бастауы.

Осы орайда өзім Бабатай негізгі орта мектебінде ұстаздық қызмет атқара жүріп, дарынды оқушыларды ғылыми жобаларға қатыстырып, жүлделі орындарға ие болып жүрген жайым бар. Бұл менің ұстаздық абзал борышым.

Мөлдір Аманжолқызы БЕКЕНБАЕВА,
Бабатай негізгі орта мектебіндегі
Мәнерлеп оқу” үйірмесінің жетекшісі,
Ақтөбе облысының 
Темір ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий