Жұбанов университетінде халықаралық конференция өтті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Еуразия тарихы мен мәдениеті аясындағы Арал-Каспий аймағы» тақырыбында ІІІ Халықаралық ғылыми конференциясы өтті, – деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі. 
Конференцияға әлемнің 10 елінен, атап айтқанда, Әзірбайжан, Түркия, Франция, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолиядан және еліміздің түкпір-түкпірінен тарихшылар, археологтар, этнологтар, өнертанушылар, мәдениеттанушылар және сарапшылар қатысты.
Ғылыми жиынның ашылуында Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов сөз сөйлеп, жаһандану заманында ұлттық кодымызды сақтау, төл тарихымызды зерделеу, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау – басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Облыс басшысы аталған диалог алаңы әртүрлі тарихи кезеңдерде Арал-Каспий өлкесін мекендеген халықтардың тарихы мен мәдениетін зерттеуге жаңа серпін беретініне сенім білдірді.
Конференцияда Арал-Каспий аймағының жалпы тарихи-мәдени маңыздылығы, аймақтың жылжымайтын ескерткіштерін терең зерттеу, ескерткіштерді қорғау, туризмді дамыту тағы басқа тақырыптарда баяндамалар жасалды.
Басқосу барысында далалық зерттеу экспедицияларының жаңа нәтижелері жарияланып, Арал-Каспий өңірінің аумағында одан әрі зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша міндеттер талқыланды.Екі күнге созылатын конференция жұмысы «Үлкен Доңызтау тарихи-мәдени аймағы және оның маңызы», «Ұлы дала және көршілес аймақтар:тарих,мәдениет, ескерткіштер» тақырыбындағы симпозиумдар мен секциялық мәжілістерде жалғасын табады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий