«Ұлттық цифрлық мансап орталығы» пилоттық жобасы іске қосылды
Астана халықаралық қаржы орталығы алаңында Ғылым және жоғары білім министрлігі мен жоғары оқу орындарының ректорлары арасында «Ұлттық цифрлық мансап орталығы» пилоттық жобасын іске қосу туралы меморандумға қол қойылды, – деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Пилоттық жобаға 6 жоғары оқу орны қатысады. Олар: Павлодар педагогикалық университеті, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті.


Министр бұл жобаны linkedin аналогы деп атауға болатынын, бірақ ол қазақстандық еңбек нарығына бейімделгенін және университетті енді ғана аяқтаған жас мамандарға бағытталғанын атап өтті. Кездесуге қатысушылар Ұлттық цифрлық мансап орталығын құру бойынша пилоттық жоба түлектерді жұмысқа орналастырудағы бірқатар мәселелерді шешуге көмектесетінін атап өтті. Жоба студенттердің бірыңғай деректер базасын құруға мүмкіндік береді Оған жұмыс берушілер мен мемлекеттік органдар кедергісіз кіре алады.