Жас ақмолалық вайнерлер үздік бейнеролик жасауда бақ сынасты

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы 2022 жылдың 25 қарашасы күні «Қымбат маған өмірім!» облыстық сырттай вайн-бейнероликтер байқауы өткізілді, – деп хабарлайды облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Іс-шара оқушылардың темекі шегудің, нашақорлықтың өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсері туралы білімдерін тереңдетуге бағытталған. Байқауға Ақмола облысының 13 ауданы және Көкшетау, Степногорск қалаларынан 8-11 сынып оқушылары қатысып, барлығы 45 вайн-бейнеролик қарастырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылар бейнероликтер жасауға жауапкершілікпен қарады. Бейнелер әртүрлі болды, кейбіреулері танымдық, басқалары жарнамалық, тәрбиелік. Қатысушылар минироликтің негізгі міндетін орындады-бірнеше секундтың ішінде мағынаны жеткізді.
Қазылар алқасының шешімімен келесі қатысушылар жүлделі орындарға ие болды:
1 орын – Тулегенова Аймира, Бурабай ауданы, Ақылбай а.НМ;
1 орын–Алтынбеков Рауан, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, «Арман» БЖШО «Арман ТV» балалар телеканалы;
2 орын – Қайыржан Айгүл, Атбасар ауданы, Атбасар қаласы №8 ЖОББМ;
2 орын – Марков Антон, Біржан сал ауданы, Заураловка а.НМ;
3 орын –Тажиденов Диас, Көкшетау қаласы, Әл-Фараби атындағы ІТ лицейі;
3 орын – Сулеймен Лаура, Жақсы ауданы, Кировское а. ЖОББМ. Грамоталармен марапатталады:
Буздуган Тимур – Жақсы ауданы, Жақсы а. №2 ЖОББМ;
Атымтаев Арсен – Қорғалжын ауданы, Қорғалжын а. мектеп-гимназиясы;
Кириленко Татьяна – Есіл ауданы, Есіл қаласы №2 НМ;
Ананьева Алина – Сандықтау ауданы, Балкашино а. №1 ЖОББМ; Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және сыйлықтарымен, жүлделі орындарға ие болған қатысушылардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады. Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар табысталады. Құттықтаймыз! Жаңа шығармашылық табыс тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий