Дебат – мол мүмкіндіктер мекені

“Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап” (Абай Құнанбайұлы). Дебат – [ фр. debats – талқылау] – нақты құрылымдалған және арнайы ұйымдастырылған қоғамдық пікір алмасу, екі жақтың өзекті мәселелер бойынша пікірталас. Қоғамдық пікірталастың бұл түрі дебатқа қатысушылардың бір-бірін емес, үшінші тарапты өздерінің дұрыс екеніне сендіруін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазіргі таңда өз ойын еркін айта алмайтын, сабақ айтқанда ұялшақтап, оқыған сабағын  ұмытып қала беретін, сондай-ақ ұзақ уақыт бойы ұялы телефонға телміріп отыратын оқушылар өте көп. Мұндай оқушыларға дебатқа қатысуға кеңес беретін едім. Білім мен тәртіпті ұштастырған дебат өнері жастардың жан-жақты дамуы үшін өте қажет дүние. Ойын жүйелі, қысқа да нақты жеткізуге, сонымен қатар, қоғамдағы маңызды тақырыптарды талқылай отырып өз ой-пікірін еркін білдіруге, белгілі мәселелердің шешімін табу үшін жан-жақты ізденуге, өз позициясын дәлелдей білуге, тез арада шешім қабылдай білуге, ірбір сөзге мән беруге үйрететін интеллектуалды ойын.

Өмірге, қоршаған ортаға сын көзбен қарап, оның дамуына үлес қосуға итермелейтін күш деп айтсам қателеспеймін. Біздің білім ордасында былтырғы қаңтар айында “Оқушылар мен студент жастардың дебаттық қозғалысы жалпы ұлттық-мәдени білім беру” жобасын іске асыру   мақсатында  “Руханият” дебат клубы ашылып, қазақ, орыс, ағылшын командалары құрылып, алғашқылардың бірі болып мүшелікке кірдім.

Дебат маған не үйретті: Үнемі кітап оқуды. Егер теледидар мен компьютердің алдында мақсатсыз отырудың, тым құрығанда, бір бөлігін пайдалы және жақсы кітап оқуға арнасаңыз, достарыңыздың арасында сіз ең білімді адам боласыз. Көп нәрсе өздігінен орындала бастайды. Марк Твеннің «Жақсы кітап оқымайтын адамның кітап оқи алмайтын адамнан еш артықшылығы жоқ» деген сөзі бар. Сондықтан жақсы кітапты таңдап оқу да өте маңызды.

Қажетсіз дүниеден арылуды. Қажетсіз, артық ақпаратты айтсаң жеңіліп қаласың. Әрқашан ең қажетті деген дүниелерді ғана қалдыруға тырысамын. Әрбір сөзге мән беруді.  Бір сөздің өзі қарарды түбегейлі өзгертуі мүмкін. Адамдармен тез тіл табысуды. Ортаға мән беруді. Бұл ең маңызды. Дебат маған жақсы орта сыйлады. Идеяға толы, энтузиаст және позитивті орта – ең мықты демеу. Дәл солардың ортасынан пайдалы кеңестер, қолдау табамын. Өмірде жетістікке жету – араласатын ортаңызға тікелей байланысты деп санаймын!

Айша Әсетқызы ЖАРЫЛҚАДЫ,
Асанбай Асқаров атындағы №77 мектеп
лицейінің 9 “Б” сынып оқушысы, Шымкент қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий