Ізгілікті ұлықтаған  ғалым

Менің Гүлнәр Кеңесбекқызымен таныстығымыз сонау 1994 жылдан бастау алады. Алматыдағы қазақтың қара шаңырағы атанған Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінің «Педагогика» кафедрасында біз ғылымның педагогика саласы бойынша ізденушілері ретінде жолықтық және екеумізде жаратылыстану факультетінің «химия және биология» мамандығының  1976 жылғы түлегі мен болсам Гүлнар осы мамандықты 1985 жылы бітіріп, алғашқыда Алматы қаласы, Алатау ауданының № 65 орта мектебінде, сосын М.Мақатаев атындағы № 140 мектеп-гимназияда биология – химия пәнінің мұғалімі болып бастап, 1994 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің «Педагогика» кафедрасындағы күндізгі бөлім аспирантурасына түсті.

Міне содан бері қарай 28 жыл  болыпты бір-бірімізді танып, әріптес, дос, жанашыр, пікірлес, сырлас, тілекші апалы-сіңілідей болып қатар жүргенімізге.          «Өмір- өзен»  дегендей, осы бір тұста Гүлнәр Кеңесбекқызы екеуміздің Абай атындағы педагогикалық ұлттық университетіндегі «Педагогика» кафедрасы ұжымының ортасында болған   өмір жолымыз біздің мәңгілік ғылыми мектебіміз болып қалды. Себебі кафедраның құрамы ыңғай педагогика ғылымдарының майталман ғалымдарынан  құралған еді.

Атап айтқанда: Р.Г.Лемберг., Н.Д.Хмель., Г.А.Уманов., Б.Р.Айтмамбетова., К.Б.Бозжанова А.А.Бейсенбаева., Н.Д.Иванова., Г.Т.Хайруллин., Г.К.Байдилдинова., Б.Ы.Мұқанова., С.А.Ұзақбаева., Қ.К.Жампейісова., Р.К.Төлеубекова., Р.А.Жаңабаева., А.Н. Ильясова., Н.Н.Хан., Л.К.Керимов., Ж.Ә.Әбиев., Б.И.Қожабаева., С.И.Калиева., М.Б.Тленбаева., Ш.Ж.Колумбаева., Б.Т.Махметова, А.Е.Берікханова  және тағы да басқа танымал тұлғалар бар. Қазір біз сол кездерімізді  есімізге алғанда,  керемет бір ғылыми ортаның бізді адами құндылықтар мен шығармашылық іс-әрекетке баулып,   ғылымның сара жолын көрсеткен ғалымдар ортасының әсері болғанын  мақтаныш бір сезіммен айтып отырамыз.

Әсіресе ғылыми жетекшілеріміздің айрықша еңбегін ерекше қастерлейміз. Мәселен, педагогика ғылымының докторы, профессор Аида Аршабековна Бейсенбаева– Гүлнәр Кеңесбекқызының ғылыми жетекшісі болды, кандидаттық диссертацияны  «Оқыту процесінде пәнаралық байланыс негізінде оқушыларда (8-9 класс) гумандық қарым–қатынасты қалыптастыру» атты тақырыпта жазып, 13.00.01 – «Педагогика теориясы мен тарихы,  этнопедагогика» мамандығы бойынша  қорғады.  Ал, 2005 жылы доцент ғылыми атағына ие болды.

2014-2016 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Магистратура және PhD докторантура институты, Педагогика және психология институты, педагогикалық мамандықтар кафедрасының профессоры қызметтерін атқарса, 2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіндегі,  алғашқыда «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», қазір «Педагогика» кафедрасының профессоры м.а. лазауымындағы ғалым. Жалпы жұмыс өтілі 37 жыл болса соның отыз бір жылын жоғары оқу орнындағы оқытушылық-профессорлық  лауазымы құрайды.

Гүлнәр Кеңесбекқызының негізгі ғылыми зерттеу бағыты – пәнаралық байланыс, гумандық қарым-қатынас, ғылым интеграциясы, студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттық тәрбие, құндылық бағдар, зерттеушілік құзыреттілік, этномәдени құзыреттілік және тағы да басқа. «Жаңа гуманитарлық білім, Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша ағылшын тілінен ұжымдық аудармаға қатысып, Д.Майерс пен Ж.Туенж-дің «Әлеуметтік психология» оқулығының 1-2 тарауларының аударушысы.

Жүз сексеннен астам ғылыми мақаланың авторы, оның ішінде, 3 мақала – SCOPUS деректер базасына енгізілген журналда, жетпіс мақала – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынған журналдарда, 2 мақала – РИНЦ журналында, алпыс шетелдік конференциялар жинағы мен журналдарында жарияланған және 2 оқулық,  екі монография, 1 электрондық оқу құралы, жиырма оқу құралы мен оқу-әдістемелік құралдары жарық көрген.

Бүгінгі таңда Гүлнәр Кеңесбекқызы Шолпанқұлованың көптеген  еңбектерін республикамыздың жоғары оқу орындарында пайдаланыладыСонымен қатар, қоғамдық жұмыстардың да бел ортасында жүретін құзіретті маман.  «ҰМҒТСО» АҚ ғылыми жобалар сарапшысы; Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Хабаршы» Педагогика ғылымдары сериясы журналының редколлегия мүшесі; Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті диссертациялық (PhD) докторлық  зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның мүшесі және Әлеуметтік ғылымдар факультетінің Академиялық комитетінің төрайымы.

Құрметті Гүлнәр Кеңесбекқызы! Бүгінде Сіз осынау асқаралы 60 жасқа толып отырсыз. Адал қызметіңіз үшін алған атақ-абыройыңыз бойыңызға  құт болсын! Сізге болашақта зор денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық жаңа асулар мен ғылыми  жетістіктер, білімді де білікті шәкірттер тілейміз, еңбегіңіздің жемісін көріп, халқымыздың игілігіне, ұлтымыздың болашағына табысты жұмыс істей беруіңізге шын жүректен тілектеспіз!. Тойыңыз тойға ұласып, өміріңіз ғасырлармен өлшенсін!

Қадиша Қадырқызы ШАЛҒЫНБАЕВА,
п.ғ.д., профессор, Қазақстан педагогика
ғылымдары академиясының (АПН) толық мүшесі
(академигі); ЖОО үздік оқытушысы (2012);
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы
ерекше еңбегі үшін «Білім беру ісінің құрметті
қызметкері» (2016); Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті білім мен ғылымды дамытуға
қосқан айрықша үлесі үшін «Күлтегін» медалінің иегері (2019)

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий