Болашақпен алған білім – тереңдей түсті
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқевтың 2020 жылғы 1 кыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында үкіметке еліміздің ғалымдарын әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтарында тағылымдамадан өткізу қажеттігін тапсырған болатын. Тапсырға сәйкес 2021 жылы «Халықаралық бағдарламалар орталығының» ұйымдасытыруымен жаңадан «500 Ғалым» санаты бойынша байқау жүргізілді.
Іріктеу қорытындысы бойынша жалпы саны 416 қазақстандық ғалымдар «Болашақ» бағдарламасы аясында әлемнің үздік зерттеу орталықтарында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды. Ғалымдар әлемнің 24 еліндегі 148 ғылыми орталықтарында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, кәсіби біліктілігін арттыруда. Ғалымдарымыздың басым көпшілігі АҚШ, Ұлыбритания, Ресей мен Еуропа елдерін таңдаған. Алғашқылардың қатарында менде Ресейдің М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіне тағылымда өту сәті бұйырған болатын.
Жоспар бойынша тағылымдама 2022 жылдың 13-ші қаңтарынан 2023 жылдың 12-ші қаңтарына дейін 1 жылдық мерзімге ұйымдастырылды. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде білім алу, зерттеу жұмыстарын жүргізу мен үшін үлкен абырой және жетістік деп білемін. Тарихы терең оқу ордасы әлемдік QS World University Rankings – 2022 рейтингінде 78 орынға ие. Университеттің материалды-техникалық базасы заманауи озық технологиялық мүмкіндіктерге ие сезімтал құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Фундаменталды ғылыми кітапхана қорында 10 млн жуық орыс тілді және 4 млн жуық шет елдік кітаптармен қамтылған. Бір жыл уақыт аралығында 10 пәнді қамтитын оқу жоспары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге үшін күнтізбелік жоспар құрылды. Көктемгі және күзгі оқу семестрде университеттің беделді академик, ғылым докторлары Короновский Н.В., Бычков А.Ю., Богуславский М.А., Карпова Е.В., Лубкова Т.Н., Кузин Е.Н. және тағы да басқалардың дәрісін тыңдап, зертханалық жұмыстар орындалды. Ғылымдардың шет елдік журналдарда жариялаған мақалалары мен олардың ғылыми беделінің (индекс h: 5-18) жоғары болуы ғылыми зерттеу жұмыс нәтижелерінің маңыздылығын көрсетеді..
Ғылыми-зерттеу жұмыстарды орындау үшін Қазақстаннан техногенді қалдықтар (қорғасын шлагы, Балқаш кен байыту қалдықтары, Ленгер көмір өндіріс қалдықтары) және табиғи шикізат әктас, тефритобазальтпен алып келінді. «Заттарды зерттеудің жергілікті әдістері зертханада» электронды микроскопта энергодисперсионды спектрометр әдісі арқылы шикізат материалдар мен техногенді қалдықтардың химиялық және минерологиялық құрамы, микроқұрылымы мен генезисі анықталды, оларға сипаттама жасалды. ICP-MS әдісімен шикізаттағы зиянды ауыр металдардың (микрокомпоненттердің) мөлшері өлшенді.
Шикізат материалдардың хмиялық құрамы негізінде «ROCS» бағдарламасын қолданып шихта құрамы оңтайланды, жартылай өнім клинкердің модульдік көрсеткіштері есептелді. Шикізат компоненттер «Әктас + тефритобазальт + көмір қалдығы + қорғасын шлагы» реакция жүру мүмкіндігін анықтау мақсатында THERMODYNAMICS бағдарламасында термодинамикалық есептеулер орындалды. Шихта құрамы дайындалды, 1350оС температурада клинкер күйдірілді. Клинкердің сапасы этилен-глицеартты әдіспен құрамындағы бос СаО мөлшері анықталды. Техногенді қалдықтардың клинкер түзілу процессіне әсері микроскопиялық әдістің көмегімен зерттелді.
Портландцемент алу үшін өндіріс қалдықтарын қолдану ешқандай да зиянды және кері әсерін тимейтіндігі дәлелденді. Техногенді қалдықтарды цемент өндірісінде қолдану қоршаған ортаға шығарылатын парникті газдардың (CO, SO2, NОx) мөлшерін 20 % төмендету мүмкіндігі дәлелденді. Қазіргі уақытта, техногенді қалдықтардан алынған портландцемент сапасын физико-механикалық сынақтар (3 тәу, 7 және 28 тәу мірзімдегі) беріктігін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Алынған цементіміздің сапасы дәстүрлі технологияда алынған цементтен еш кем түспейтінгін дәлелдеу мақсатында цементтің гидратациялану процессін зерттеу жоспарлануда. Тағылымдама кезінде ғылыми жетекшім Я.О. Алферьевамен бірге үш мақала жарық көрді, оның ішінде Scopus деректер базасына кіретін журналда 1 мақала жарияланды және бір мақала жіберілді.
Жалпы 1 жылдық тағылымдама нәтижесі бойынша Scopus деректер базасына кіретін журналдарда екі мақала, ҚР ҒЖБССҚК бекіткен журналдарда 2 мақала, халықаралық конференцияда бір мақала, 1 пайдалы модель патенті және монография жарық көрді. Сондай-ақ, ынтымақтастықты арттыру мақсатында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің химия факультеті мен Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті арасында келісімшарт жасалды.
Келісімшарт жасауға өз үлесін қосқан беделді ғалым «Бейорганикалық химия» кафедрасының меңгерушісі, х.ғ.д., профессор Шевелков Андрей Владимировичке алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта келісімшарт аясында Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУнің ғалымдары, профессор-оқытушы құрамы мен докторанттары қысқа мерзімде тағылымдамадан өтуге, ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүргізуге, ресейлік ғалымдарды қонақ дәріс оқуға шықыруға мүмкіндіктер ашылды.
Нурғали Надырұлы ЖАНИКУЛОВ,
«БОЛАШАҚ» халықаралық бағдарламасының
стипендиаты, философия докторы (PhD)