Білімді ұрпақ тәрбиелеу – заман талабы

XXI ғасыр – мәдениеттің, білім мен ғылымның ғасыры. Барлық білімнің қайнар көзі – кітапхана екендігі баршамызға белгілі. Қазіргі таңда студенттердің талабын қанағаттандыру, рухани байлығымен жалпы қабілетін дамыту оларды оқу материалдарымен, ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету бүгінде басты міндеттеріміздің бірі. Осы бағытта 20 жылдан астам  тарихы мен бай дәстүрі бар, әлемдік білім кеңістігіндегі ең үздік университеттердің бірі – Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің кітапханасыда заман талабынан артта қалмай, қарыштап дамып келеді, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі. 

Биыл дәстүрлі түрде еліміздегі жоғары оқу орындары арасында білім беру сапасы бойынша көш бастадық. Ғылым мен инновация саласындағы жетістіктеріміз де жыл сайын артып, әлемдік аренадағы танымалдылығымызға жол ашуда. Бұл, әрине, рухы берік, бірлігі бекем Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті ұжымының ерен еңбегінің жемісі. Оның ішінде талантты да талапты жас мамандарымыздың қосып жатқан үлесі де сүбелі. Университетте білім беру жүйесі 34 бакалавр 13 магистратура 3 доктарантура мамандықтары бойынша жүзеге асырылып, 3 факультет, магистратура бөлімі еліміздің  ертеңгі тірегі болатын жоғары білікті магистрант пен бакалавр мамандарын даярлауда.

Осы орайда, біздің кітапханамызда жыл сайын үздіксіз жұмыстар атқарылып келеді. Бүгінде заман талабына сай студенттеріміз электронды оқу құралдарын кеңінен пайдаланылуда. Оқырмандарды ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету мақсатында ҚР БҒМ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Республикалық Жоғары оқу орындары аралық электронды кітапханасының базасы келісім шарт негізінде студенттерімізге толықтай қызмет көрсетуде. Сонымен қатар университет сайты жанынан өзіміздің кітапханамыздың электронды оқулықтары енгізілген электронды базасы студенттерге барлық мамандық бойынша қызмет көрсетеді.

Кітапхана қызметкерлері қажетті оқулықтар мен оқу құралдарының электронды нұсқасымен және баспа түріндегі нұсқасымен студенттерді барлық білім беру бағыттары бойынша толық қамтамасыз етіп отыр. Бұл аталған электронды ресурстар базасы бойынша студенттерге жыл сайын түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ұялы телефондарына енгізіліп, қосылу мүмкіндіктері толық көрсетілген. Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі таңда университетіміздің барлық студенттері еліміздің кез келген жерінен өздеріне қажетті оқулықтарға, оқу әдістемелік құралдарға, ақпараттық ресурстарға қол жеткізе алады. Жоғарыда аталған оқу әдебиеттері мен ақпараттық ресурстардың оқырмандарымызға берері мол.

Жаңа технологиялардың бастауы цифрлы технологияларда, ал ол өз кезегінде өндірістік революция негізі екені белгілі. Осыны ескерген оқу ордамыз жастарға техникалық бағытта да білім беруді қолға алған. Бүгінде еліміздегі студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету басты мәселеге айналды. Бұл мәселені оқу ордамыз құрылғанда-ақ басты назарға алған университет басшылары студенттерді жатақханамен жылда толық қамтамасыз етіп келген болатын. Биыл ерекше, заман талабына сай құрал-жабдықтармен қамтылған жаңа  290 орынға арналған студентер үйі пайдалануға берілді.

Академик Ә.Қуатбеков атындағы
Халықтар достығы университетінің
баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий