Семейлік зияткер Президент олимпиадасын жеңіп алды

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 – сынып оқушысы Ермек Әзбергенов ХV Президенттік олимпиадада жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі. 

200 –ге жуық дарынды жастар қатысқан олимпиада 29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өтті. Жаратылыстану-математика циклы пәндерін қамтыған білім бәйгесінің жеңімпазы Ермек Әзбергеновке І дәрежелі диплом, медаль және Қазақ-Британ техникалық универитетіне грант берілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий