Министр Саясат Нұрбек Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 85 жылдық мерейтойына қатысты

Қызылорда облысына іссапары аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессор-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесті, – деп хабарлайды осы бейіндік ведомстваның баспасөз қызметі. 
Сондай-ақ Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен университеттің 85 жылдық мерейтойына қатысты.Ғылым және жоғары білім министрі алдымен өңірдегі білім ғылымның ордасы Қорқыт ата университетінің ғылыми-инновациялық жетістіктерімен танысты. Жиында білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосқан профессор-оқытушылар мен қызметкерлер марапатталды.
Бұнан кейін Саясат Нұрбек «Жоғары білімге қол жетімділікті кеңейту: болашағы мен мүмкіндіктері», «Өңірлік университеттер – 2032: адами капитал және ғылым» атты форсайт-сессияларға қатысты. Онда еліміздегі білім беру саласын, өңірлік ЖОО-ларда инновациялық жобалар мен технологияларды дамыту мақсатындағы жаңа идеялар мен ұсыныстар айтылды.
Сонымен бірге министр «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхана жұмысымен танысты. Қазір зертханада күріш сабанынан қағаз әзірлеу және биотыңайтқыш алу, мұнай қалдықтарын тиімді пайдалану мақсатындағы зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Зертхана қызметкерлерімен пікір алмасу барысында ведомство басшысы отандық жас ғалымдардың жетістіктеріне тоқталды.
«Біздің жас ғалымдар ел үшін өте қажет әзірлемелерді дайындауда. Олардың жұмысының тиімділігі мемлекеттің тұрақты даму ресурсы ғана емес, сонымен бірге адамзаттың өмір сүру мәселесі болып табылады. Менің ойымша, мұны коронавирустық инфекциясына қарсы бүкіләлемдік «вакцина жарысы» айқын көрсетті. Оның әзірленуіне жас ғалымдар да қатысты. Жас ғалымдарымыз күрделі сынықтарды қалпына келтіруді жеделдететін бірегей гидрогельді, қант диабетін емдеуге арналған жасушалардың бірегей желісін және т. б. әзірледі. Жан-жақты қолдау мен барлық қабылданған шаралардың арқасында жас ғалымдардың үлесі 2025 жылға қарай кемінде 50%-ға жететініне сенімдімін», – деп атап өтті министр Саясат Нұрбек.
Министрге «Open spaсе» заманауи үлгідегі кітапханамен және сирек кітаптар қоры да таныстырылды. Қазір университеттің ғылыми кітапханасында 2 миллионнан астам кітап қоры бар. Айта кету керек, оқу орнында цифрландыру жұмысы қарқынды және электронды кітаптардың саны артуда.
Сонымен қатар Саясат Нұрбек университеттің кәсіпкерлік орталығы жастар өкілдерімен, жастар ұйымдары көшбасшыларымен және білім, ғылым, өнер, спорт саласындағы жеңімпаз жастармен кездесті.Аймақтық жоғары оқу орнына сапар Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 85 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ұлттық руханияттың ұлы ордасы» атты салтанатты жиынмен аяқталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий