Еліміздегі білім беру ұйымдарының жылыту маусымына дайындығы қайта пысықталды

ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВтің төрағалығымен бүгін осы салалық ведомстваның кезекті аппараттық отырысы ұйымдастырылып, күн тәртібінде бірнеше маңызды мәселе қаралды.

Білім беру ұйымдарындағы жылыту маусымы туралы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері туралы (бейнекамералар, дабыл түймелері, лицензияланған күзет мекемелері)  баяндама жасалды.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Дауенов Ернұр Нұрланұлы білім беру ұйымдарында күрделі жөндеу мониторингі туралы айтып берді. – Бүгін күн тәртібіне шығарылған сұрақтар бойынша еліміздің бірнеше аймағында жұмыстардың өз деңгейінде жүргізілмегені анықталып отыр. Сондықтан арнайы жұмыс тобын құру арқылы осы облыстардағы білім сапасынан бастап басқа да жағдайларды сараптауымыз қажет. Қорытындысында нақты шешімдер қабылданатын болады, – деді Асхат Қанатұлы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий