Ардагер ұстаздың ғасыр тойы

Бір ғасыр өмір сүру екінің біріне бұйыра бермейтін биік шың. Ғұмыры түрлі қиындықтар мен қуаныштардан тұратын Мария Пащенко бұл шыңды бағындырды. Ардагер ұстаз бүгін, 5 желтоқсан күні 100 жасқа толды, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің баспасөз қызметі.

Ұстаздық жолында лайықты қызмет етіп, мыңдаған шәкірттерді білім нәрімен сусындатты. Сұрапыл жылдармен қатар ел тәуелсіздігінің куәгері болған ардагер Отанымыздың көркейіп, нығаюына зор үлесін қосты. Ұстаздардың ұстазы болған педагогикалық еңбек ардагерінің ғасыр тойына арналған мерекелік шара өзі қызмет атқарған №1 ЖОББ мектебінде ұйымдастырылды. Аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшылары мен қызметкерлері, мектеп мұғалімдері, жас мамандар және оқушылар қатысып, ардагерге өз ілтипаттарын білдірді. Дайындалған сый-сияпаттарын табыстап, тілектерін жаудырды.

Мария Никифоровна Пащенконың еңбек жолы 1941 жылы Успен ауылының бастауыш мектебінің меңгерушісі қызметінен басталды. Кейіннен ауыл және қала мектептерінде мұғалімдік қызметін жалғастырды. 36 жыл педагогикалық қызмет атқарып, 1977 жылы зейнеткерлікке шығады. “Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін”, “Еңбек ардагері”, “Қазақ КСР-і халық ағарту ісінің үздігі” және көптеген Құрмет грамоталарымен марапатталды. Ал 2017 жылы “Бөрлі ауданы және Ақсай қаласының құрметті азаматы” аталамына ие болды.

Ғұмырын ұстаздықтың ұлы жолына арнап, осы күнге дейін өз өнегесімен барша Бөрліліктерді тәрбиелеп келе жатқан ардагерімізді қастерлейміз, құрмет тұтамыз және мақтан етеміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий