Президенттік олимпиаданың 3 жеңімпазы еліміздің ЖОО-да білім алу үшін грантқа ие болды
2022 жылғы 29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің базасында11-сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика циклі пәндерінен ХV Президенттік олимпиада өтті, – деп хабарлайды осы облыстың білім басқармасының баспасөз қызметі.
Республиканың барлық мектептерінен 192 оқушы олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысып, 2 іріктеу кезеңінен өтті. Екі күн бойы оқушылар 4 пән бойынша тапсырмаларды шешті: 1-ші күні – математика және химия, 2-ші күні – физика және биология. Олимпиаданың республикалық кезеңіне Қостанай, Рудный қалалары мен Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатынан 6 қостанайлық оқушы өтті.
Олимпиада қорытындысы бойынша облыс оқушылары 3 медаль: Сергей Трефилов «Күміс» (Қостанай қ.физика-математикалық лицейі), Айдар Абджанов«Күміс»(Қостанай қ. М.Горький атындағы гимназиясы),Федор Погоров «Қола» (№10 мектеп-гимназия, Рудный қаласы)жеңіп алды. Сонымен қатар, олимпиада жүлдегерлеріне еліміздің жоғары оқу орындарына гранттарға сертификаттар табысталды.Трефилов Сергей Қ. Жұбановатындағы Ақтөбе өңірлік университетінде оқуға, Абджанов Айдар мен Погоров ФедорТорайғыров университетінде оқуға грант алды.