Алмас – республика жүлдегері

Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласындағы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті базасында өткен  9-10-сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің Кіші Отаным» V республикалық  зияткерлік байқауына қатысып, үздік білімімен, шешен сөйлеу өнерімен көзге түскен 10-сынып оқушысы Нуркалиев Алмас (жетекшісі Б.Бимаганов) жүлделі екінші орынды жеңіп алды.

Байқау туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтап,шығармашылық қабілетін, белсенділігін дамытуға, қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың кішкентай Отанына деген мақтанышын арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Топжарған шәкіртімізді үздік жетістігімен ұстаздар ұжымы мен ата-аналары атынан шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!

Толқын АЖҒАЛИЕВА,
М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта
мектебінің директоры, Атырау облысы,
Құрманғазы ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий