Білім жүйесі – әлемдік өркениетке жетудің дара жолы

Біздің білім ордасының 2021-2022 оқу жылында үздік мектеп қатарында болуы – мектеп мұғалімдерінің мектеп мақсаты мен міндеттеріне сай жұмыс жасап, нәтижелі жетістікке жетуінде. Мектептің мақсаты – баланы оқыту ғана емес, қазіргі заманда өз орнын тауып, бәсекелестікте өмір сүре алатын, елінің болашағына сеніммен еңбек ететін, қандай да бір қиындықтарға төзімді тұлға ретінде тәрбиелеу.

Негізгі міндеттер: сапалы білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету; оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, оқу-материалдарын жетілдіру; мектептегі әрбір шәкіртке болашаққа бағдар бере отырып , кәсіби қызметіне ынтаны арттыратын ортақ құзыреттіліктерін қалыптастыру; озық педагогикалық тәжірибені дамыту , ғылыми зерттеулердің нәтижелері, жаңа ақпараттық және педагогикалық технологияяларды, педагогикалық кадрларды аттестаттау арқылы педагогикалық шеберлікті арттыру.

Және заманауи талаптарға сәйкес лицейдің материалдық – техникалық базасын жетілдіру; (ЖБШҚ) заманауи педагогикалық және ақпараттық технологияларды интеграциялау арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту бойынша жұмысты жалғастыру; Білім беру модернизациясы – даму үрдісі және тұрақты алға ұмтылу, білім беруді біртіндеп жүзеге асыратын және алынған нәтижені нақты талдау және қолдау Эйзенхауэр матрицасы негізінде әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда төмендегі бағыттар басшылыққа алынды: мектеп мүғалімдерінің біліктілігін көтеру жүйесі, педагогтық шеберлікті, кәсіптік деңгейін жоғарлатуға бағытталған және педагогтарды шығармашылық потенциалын көтеруді көздейді.

Содан соң мектептің әдістемелік қызметін жетілдіру – ол педагогтардың кәсіптік дамуын қолдауға арналған. Озық тәжірибені оқып үйрену, тарату. Педагогтардың жаңашыл қызметтері – мектептің оқыту үрдісінің сапасын көтеруге және мұғалімдердің ғылыми-педагогтық қызметтерін жандандыруға бағытталған. Білім беру жүйесіндегі басым бағыттардың бірі – оқыту үрдісін технологияландыра отырып, білімнің кепілдік нәтижелеріне қол жеткізу. Ол үшін оқыту үрдісін өзгерте отырып, мүғалім шығармашылықпен жұмыстануы керек.

Биылғы оқу жылында мектеп бітіруші 62 түлектің алпыс пайызы мемлекеттік грант иегерлері болды. Бітіруші түлектеріміз еліміздің жоғары оқу орны ғана емес, сонымен қатар алыс және жақын шет елдерде таңдаған мамандығы бойынша білімдерін жетілдіруде. Мектеп – лицейді тәмамдағандардың жұмысқа тұру нәтижесі, лицей ата-аналардан балаларының жан-жақты дамуына, зияткерлік, коммуникативті, ақпарттық салаларда жетістікке жеткізетін әлеуметтік тапсырыс алатынын көрсетеді.

Калдыбике Мадияровна БАТЫРОВА,
№24 мектеп-лицей
дің директоры,
Маңғыстау облысы
, Жаңаөзен қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий