Кадрлық сапа: Жұмыс берушілермен серіктестік нығайды

Біздің арнаулы оқу орны қонақ үй және мейрамхана бизнесі, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі салаларында кадрларды даярлау және қайта даярлаумен айналысады. Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында бірінші орынды сақтай отырып, өз студенттерін жұмыспен қамтамасыз ету арқылы бәсекеге қабілетті орнын сақтап отыр.

ТжҚИК түлектері – жемісті жұмыс жасау үшін қажетті тәжірибелік дағдыларды меңгерген, сұранысқа ие мамандар. ҚР Оқу-ағарту министрлігі бастамашылдық танытқан республикалық деңгейдегі «Жұмыс берушілер күні» жергілікті салалық құрылымның қолдауымен біздің колледжде де ұйымдастырылған болатын. Басқосуда маңызды мәселелер талқыланды: «Кәсіпорынның Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжімен серіктестігінің негізгі аспектілері» (Жабыкбаев Нурдаулет Жакыпбекович, Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің директоры, директордың өндірістік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Г.Омирбекова Г); «Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін ескере отырып, колледждер мен жұмыс берушілердің өзара байланыс жасауын жүзеге асыру кезіндегі тәжірибелік тәсілді қалыптастыру» (Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары И.Анаятова).

Іс-шараны дайындау мен өткізуге колледждің өндірістік оқыту шеберлері мен студенттері қатысып, әлеуметтік серіктестерге Оқу-ағарту министрі А.Аймағамбетовтің, «Атамекен» ҰКП, сондай-ақ Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің Алғыс хаттары табыс етілді. Әлеуметтік серіктестермен меморандумдар мен ынтымақтастық туралы келісім шарттар жасалды. Жиналғандар дөңгелек үстел, мастер-кластар, қонақтық дәрістер, диалогтік алаңдарға қатысты. Бүгінгі таңда үнемі өзгеріп отыратын әлемде білім берушілерді өмірге дайындау көбіне әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастыққа байланысты.

Колледж инновациялық қызметтің механизмдерін дамытады, өмірлік маңызы бар мәселелерді шешудің шығармашылық жолдарын табады, кәсіби шығармашылықты өз ісі саласындағы кәсіби маманның өмір сүру нормасы мен формасына айналдыруға ықпал етеді. «Француз Альянсы» ҚБ-мен ортақ мүдде тұрғысындағы екі жақты құжаттарға қол қойылып, студенттер мен өндірістік оқыту шеберлеріне француз тілін үйренуге, Франциядан келген аспаз және кондитерлік іс бойынша мамандармен колледж базасында ай сайын мастер-кластар ұйымдастырудың мүмкіндіктері пысықталды.

ЖШС «МЕТРО Кэш энд Керри» компаниясымен колледж соңғы он жылдан бері ыетымақтастық байланысты. Құзыреттілік бойынша (WSI) «Қызмет көрсету саласы» жаттығу лагері құрылған KHAMA PARK мейрамханасындағы «Айкул» ЖШС-мен ұзақ уақыт бойы сенімді серіктес. Осы мейрамхана директоры Серикхан Саметович Адильханов студенттерді мейрамхана базасында кәсіби байқауларға дайындауға мүмкіндік беруде, елімізден тыс жерлерде кәсіби байқауларға баруға демеушілік жасайды. Симонович Радаван төрағалық жасайтын «Тәуелсіз рестораторлар одағы» қоғамдық бірлестігімен де байланыс берік.

Қоғамдық бірлестіктің жауапты хатшысы Шевяков Владимир Александровичпен бірлесе отырып, колледж бизнес пен менеджментті дамыту жобасын жүзеге асыруда. «Экобер» компаниясы – колледждің материалдық-техникалық базасын жабдықтауға қатысқан әлеуметтік серіктес. Қазақстанның қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығымен (ҚҚМҚ), Қазақстанның туристік қауымдастығымен (ҚТҚ), Қазақстан тағам кәсіпорындары одағымен, «ҚР гидтер мен туристтік объектілердің өзін-өзі реттейтін қауымдастығы» ЗТБ, Novotel Almaty city center, «Құмбел» «Мәдени-әлеуметтік және білім беруді дамытудың Қазақстандық қоры» ҚБ және тағы басқаларының әлеуметтік серіктестіктегі маңызын айрықша атап айтқанымыз абзал.  

Туризм және қонақжайлылық индустриясы
колледжінің баспасөз қызметі, Алматы қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий