“Жан шуақ” қоғамдық сыйлығы иегерлерінің арасында ғылым саласының мамандары да бар

AMANAT партиясының қолдауымен жыл сайын өткізілетін «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығының иегерлерін салтанатты марапаттау рәсіміне қатыстым. Жанат Омарбекова сөз бастап, Ерлан Кошанов Ерлан Жақанұлы керемет құттықтау сөздерімен жалғастырды!, – деп хабарлады ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат НҰРБЕК еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне ұсынған ресми мәліметінде.
«Жан Шуақ» – қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып жүрген мүмкіндігі шектеулі жандарға және ерекше қажеттілігі бар азаматтарға көрсетілетін құрмет десек болады. Ғылым мен білім беру қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін номинация PhD доктор, қауымдастырылған профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Таңсәуле Ғабдуманапұлы Серіковке бұйырды.
Ол 2016 жылы Бюргер ауруына шалдыққан, қос аяғына 18 рет ота жасалған. Арбаға таңылған ғалым 2017 жылдан бері І топтағы мүгедек. Солай бола тұра ғылыммен айналысуды тастап кетпеген жігерлі жан. Таңсәуле Ғабдуманапұлы, жанға жылу, көңілге демеу беретін марапатыңыз құтты болсын! Ақпарат ретінде айта кетудің реті келіп тұр: Биыл 811 мүмкіндігі шектеулі түлек ҰБТ тест тапсырды, 2021 жылы бар-жоғы 90 адам қатысқан.
Жатақхана орны бірінші кезекте осындай ерекше күтімге зәру жандарға беріледі. Қазір еліміздегі 78 жоғары оқу орнында мүгедектігі бар 1 588 студент оқып жүр. Солардың құқығын қорғау үшін бүгінгі жеңімпаз Таңсәуле Серіковті 2 қарашадан бері өзімнің штаттан тыс кеңесшім етіп тағайындаған едім. Себебі, білім-ғылым барша адамзатқа ортақ құндылық.
Ақыл-есі бүтін адамның ізденуіне толық жағдай жасау жолында бірге қызмет етуге келіскен едік. Бүгін сахнада жолымыз қайта түйісті. Міне, ортамызда ғылым-білімді дамытуға қисапсыз үлес қосып жүрген осындай еңбекқор азаматтар бар. Тіршілікте он екі мүшенің қадіріне жетпей тоғышарлықта жүрген базбір адамдарға үлкен мотивация дерсің.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий