Маңғыстау облысы: Мектеп стратегиясы дамуындағы жаңашылдық

“Серіктес топтардың: қала-ауыл мектептерінің даму стратегиясын қалыптастыру» тақырыбындағы республикалық деңгейдегі білім саласының сарапшылары қатысқан маңызы зор ауқымды менторлық жобаны қорғауда мектебіміз алдыңғы үштік қатарынан орын алды.

Жоба жетекшісі Айтбиби Кульжановна

Мектептің даму стратегиялық  жоспары 2022-2025 оқу жылына арналып жасалды. Жобаның мақсаты: мұғалімдердің жеке дағдыларын өзгерту, жаңа әдіс -тәсілдерді пайдаланып, серіктес мектептерімен бірлесе отырып кәсіби деңгейін жоғарғы деңгейге көтеру; қазіргі белгісіздік жағдайында табысты тұлғалық және кәсіби өзін -өзі жүзеге асыру үшін қажетті менти тұлғасының әлеуетін барынша толық ашу, сондай-ақ білім берудің әртүрлі деңгейлерінде барлық білім алушыларды ,педагог қызметкерлерді және жас мамандарды қолдаудың, өзін -өзі анықтаудың тиімді жүйесін қалыптастыру үшін жағдай жасау.

Мектебіміздің миссиясы: – біз білім беру процесінің барлық қатысушыларының (оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер) жеке мүмкіндіктерін және өзін- өзі жүзеге асыруын дамыту үшін кеңістік ашамыз. 2025 жылы мектебіміз менторлық орталыққа айналады деп жоспарладық. Менторлық жобамыз бес стратегиялық бағытта жасалды. Бірінші стратегиялық бағыт: «Балалардың білім беру сапасын арттыру». Екінші стратегиялық бағыт: «Мектептің ақпараттық ортасын дамыту. Инфрақұрылымды дамыту». Үшінші стратегиялық бағыт: «Болашақ мұғалім». Төртінші стратегиялық бағыт: «Қазіргі ата-ана». Бесінші стратегиялық бағыт: «Әр баланың жетістігі».

Негізгі идея – мектептің  барлық қатысушыларының (оушылардың, ата-аналардың, мұғалімдердің) мүмкіндіктерін кеңейту және дамыту ресурсына айналу. Болашақта мектебімізді қалай көреміз: – мектебіміз 2027 жылы аймақтағы жетекші менторлық орталыққа  айналады және іс тәжірибесін облыс, республика көлемінде таратады; оқушыларымыз халықаралық дәрежедегі олимпиадаларға қатысады және 10% жүлделі орындар алады, 90% грант иегерлері саны көбейеді, білім сапасы артады; он пайыз мұғалімдеріміз тәжірибе алмасуға шетелдерге шығады; шебер педагогтар (10 мұғалім) саны артады.

Жаңа заман талаптары: (трендтер, бичмаркинг, шетел тәжірибесі). Мұғалімдерге төмендегідей талаптар қояды: күнделiктi оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбiр жағдаят үстiнде ерекше бiлiм деңгейiн көрсету; құзіреттілік проблеманы шешу, сыни тұрғыдан ойлау, шығармашыл шешiм қабылдай алуы, ынтамақтастық; жаңашыл, икемдi, өзгерiстi тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болу; педогогтiң жеке тұлғалық потенциалы, кәсiби құндылықтары болу; әрбір мұғалім өзгеріске бейім болуы, көшбасшылық; АКТ сауаттылығы, қаржылық сауатты, мәдени және азаматтық сауаттылығының болу.

Ментор Жания Шойыновна

Оқушыларға төмендегідей талаптар қояды: сыныптастарымен бәсекелестікте болу; оқушылардың өз бетінше жұмыстар жасай білуі; оқушылардың жалпы-интеллектуалдық дағдысын қалыптастыру; өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі бағалау; білімді саналы және белсенді меңгеру; талаптарды орындау арқылы жақсы көрсеткішпен жетістікке жетеміз дегім келеді.

Менторлық жобаны үздік қорғап келген күннен бастап, сингапурлық Лилия Мұхамедшинаның «Апгрейд 40 минут: оқушы бойында дағдыны қалай дамыту керек» курсынан өткен үш менторымыз: Жания Шойыновна, Гулнур Санатовна және Алия Кадыркалиевна   он мұғалімнен команда құрып, сабақты оқытудың әдіс-тәсілдерін үйретіп семинарлар өткізіп, ментилер өз сабақтарына пайдалануда.

Мектебіміз жобаны жүзеге асыруда бастапқы нәижеге қол жеткізіп жатыр. Атап айтқанда алты мұғалім облыстық байқауға қатысып, 4-уі әр түрлі дәрежедегі жүлделі орындарды иеленді. Облыстық байқауға қатысқан  он оқушымыздың жетеуі жүлдегер атанды. Жоба бойынша жасалған жүйелі жұмыстың нәтижесі деп білемін. Жоба бойынша бес ай оқытып, мектептің білім сапасын арттыру бағытында білік, бағдар берген ЕСРМ  (Еуразиялық адами ресурстарды басқару орталығы) компаниясына және де жетекшіміз ментор Лаззат Булебаеваға алғысымыз шексіз.

Әрі ата-аналарымызға мектеп жаңалықтары оқушы жетістіктері мен мұғалімдеріміздің жетістігін, метепте өтіп жатқан іс-шаралардан хабардар  етуші  тележүргізуші  оқушымыз Өмірәлі Берекетұлын мақтан етеміз.

Айтбиби УЛЫКМАНОВА,
Мекерия Атымов атындағы №6 мектептің
директоры, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий