Елімізде алғаш рет өтетін шахматтан республикалық олимпиадаға 100 мыңнан астам оқушы қатысады

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен биыл елімізде алғаш рет өтетін шахматтан республикалық олимпиадаға 100 мыңнан астам оқушы қатысады. Іріктеу сайыстарына 2-11 сынып оқушылары қатысады.

Олимпиада еліміздің барлық өңірі мен мектебінде өткізіледі. Мектепішілік іріктеуден өткен оқушылар аудан, қала көлемінде өнер көрсетіп, облыстық кезеңге жолдама жеңіп алады. Содан соң әр аймақтың чемпиондары сәуір айында астанада өтетін республикалық кезеңде бақ сынайды.

Осындай іс-шаралар ұйымдастыру арқылы министрлік еліміздегі шахмат қозғалысына қолдау көрсетуді жоспарлап отыр. Олимпиада шахмат бойынша талантты балаларды анықтауға,  оқушыларымыздың зейінін арттыруға, ойлау қабілетін дамытуға жол ашып, әлемдік додаларға қатысуға мүмкіндік береді. Жоба мектеп спорты аясындағы ауқымды шаралардың біріне айналмақшы. Қазірдің өзінде оқушылар, дене шынықтыру мұғалімдері және ата-аналар тарапынан Олимпиадаға деген қызығушылық байқалып тұр.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий