Білім бөліміндегілердің бәсекесі

Қызылорда облыстық білім басқармасы мен өңірдегі білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бірлескен іс шара жоспарына сәйкес ел Тәуелсіздігінің мерекесіне арналған білім бөлімдері қызметкерлерінің арасында футзалдан дәстүрлі облыстық жарыс мәресіне жетті. Шараның мақсаты білім қызметкерлері арасында өзара қарым қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту және Тәуелсіздік мерекесін ұлықтауды көздеген еді, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Бәсеке барысында спортты серік еткен майталман қызметкерлер жоғары деңгейде өнер көрсетіп, шеберліктерімен ерекшеленді. Қорытынды кезеңде жекелеген жеңімпаз ойыншылар мен жүлдегер командалар облыстық білім басқармасы және жергілікті кәсіподақтың арнайы дипломдарымен және арнайы кубок медальдармен марапатталып, арнайы естелік сыйлықтар табысталды.

Жүлделі бірінші орынды Жөлекешов Әділхан Оңдасынұлы басқаратын Қазалы аудандық білім бөлімінің командасы иеленсе, екінші орын Ибрагимов Болат Мақсұтұлы жетекшілік жасайтын Жаңақорған ауданының білім бөлімінің мамандарына бұйырды. Үшінші орынға Шиелі ауданының спортшылары (бөлім басшысы Әмзеев Қанат Алтынсарыұлы) тұрақтаған болатын.

Залдағы футбол мен ат­шаптырым стадиондағы фут­бол­дың арасы жер мен көктей. Залдағы футболшыға найзағай жылдамдық, қас-қағымда жасайтын техника керек. Қас-қағымда дұрыс шешім қабылдауға тиіссің. Залдағы футболда ұзақ ойлануға уа­қыт жоқ. Қарсыласпен иық қағыса жүріп бәсекеге түсесің.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий