Рубик құрастыратын робот

“Білім-инновация” лицей-интернатының 9-сынып оқушылары Лайхан Нурали мен Саматов Шыңғыс рубик кубын құрастыратын робот ойлап тапты. MindCuber жобасының мақсаты – Lego Mindstorms EV3 жиынтығынан жасалған роботтың рубик кубын тез арада құрастыру, – деп хабарлайды Ақтөбе облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл үшін робот басында түс сенсоры арқылы кубты анализдан өткізіп, алгоритм арқылы ең тез құрастыру жолын анықтайды., Содан кейін кем дегенде 40 секундта кубты өзі жинап шығады. Рубик текшесі (bűvös kocka – сиқырлы текше) — логикалық басқатырғыш ойын құралы ретінде пайдаланылады. Бүгінге дейін әлемде 360 миллионнан аса данасы сатылған. Екі түрлі өлшемдері кеӊ тараған 56 мм, 55.5 мм – соӊғысы жарыстарға ыӊғайлырақ.

Рубик текшесінің алты жағында тоғыз кішкентай текшелер өзара байланыстырылып орналасқан. Әр кішкентай текше алты түстің біріне боялған. Ойын мақсаты — рубик текшесінің әр жағын бір түсті қалпына келтіру. Сол үшін рубик текшесінің жылжытылатын бөлшектерін бұрып, әр түрлі түзбелерді жасау керек. Рубик текшесімен 43 252 003 274 489 860 000 түзбе жасалуы мүмкін.

Басқатырғыш текшені мажар сәулетшісі Ерно Рубик (маж. Rubik Ernő) 1974 жылы ойлап шығарған. Бірақ Мажарстаннан тыс жерде (дүние жүзінде) жұрт рубик текшесі туралы алты жылдан кейін білген көрінеді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий