Озат оқырман отбасы

Балаларды кітап оқуға тартуға үлкен әсер ететін ең маңызды әрі басты институт – отбасы. Балалардың кітап оқуға деген көзқарасы, олардың оқырмандық мәдениетінің артуы көп жағдайда ересектерден алған үлгіге байланысты. Жергілікті оқу-әдістемелік кабинетінің бастамасымен «Үздік оқырман отбасы» атты сырттай байқау ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Жамбыл облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға баулу, кітап оқуды насихаттау және «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру аясындағы байқауға аймақтан 14 отбасы қатысып,үздік сегізі жүлделі орынмен марапатталды. Оқуда озат болып, «Дарын» лицей-интернатының Ержан отбасы бірінші орынды иеленсе, Байзақ ауданының Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының Қуатовтар отбасы, Меркі ауданының №19 С. Әлібекұлы атындағы орта мектебінің Ардабековтар отбасы, Тараз қаласының №12 мектеп-гимназиясының Тлеубай отбасы екінші қатарға жайғасты.

Ал үшінші орын Жамбыл ауданының А.Макаренко атындағы орта мектебінің Түкекбай отбасы, Т.Рысқұлов ауданының Жамбыл атындағы орта мектебінің Асқар отбасы, Талас ауданының Д.Қонаев атындағы орта мектебінің Нұрлан отбасы, Н.Тлендиев атындағы мектеп-интернатының Абдраимов отбасы мүшелеріне бұйырды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий