Мектептерге автобустар берілді

Еліміздің ертеңі мен болашағы – балалардың қауіпсіздігі басты назарда. Осыған орай облысымыздың бірқатар ауданына тұғырлы мереке – Тәуелсіздік күніне орай және биылғы балалар жылының аясында мектеп оқушыларын тасымалдауға арналған сегіз автобустың кілті табысталды, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназиясының алаңында ұйымдастырылған салтанатты шараға аймақтың бас ұстазы Айгүл Мыңбаева, сондай-ақ аудандық мектеп директорлары мен білім бөлімінің өкілдері қатысып, жиналғандар Теректі, Бәйтерек, Жәнібек, Бөкей Орда, Казталовка және Шыңғырлау аудандарына су жаңа автобустардың берілуіне куә болды. Айгүл Әділгерейқызының айтуы бойынша желтоқсан айының жыл соңына дейін тағы сегіз автобус әкелінетіндігі жоспарланған. Сондай-ақ келесі жылы аудан мектептерін жаңа автобустармен толықтай қамтамасыз ету көзделуде.

– Оқушылардың күнделікті тасымалын сапалы ұйымдастыру үшін облысқа 54 бірлік автобус алу жоспарланған еді. Бұл мақсатта бюджеттен 2 миллиард 700 миллионға жуық қаражат бөлінді. Көрсетілген автобустардың тоғызы қыркүйек айында табысталса, тағы сегізі оқушыларымыздың игілігіне берілуде. Сондай-ақ, бұл бастама тек аудандарды ғана емес, қала мектептерін де қамтиды. Қаламыздың оқушылар тасымалына мұқтаж мектептеріне автобустардың берілуі, келісімшарт бойынша келер жылдың ақпан айына жоспарланып отыр, – деді басқарма басшысы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий