Жас мұғалімдерге жатақхана
Ұлытау ауданындағы Жезді кентінде жас мамандарға арналған мұғалімдер жатақхана пайдалануға берілді. Әлеуметтік маңызы бар ғимараттардың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Алмаз Қайырбекұлы мен аудандық мәслихаттың хатшысы Ахат Құрмансейітов және кенттегі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Тілеген Рахымбеков қатысып, жезділіктердің қуанышын бөлісулері барысында жүрекжарды лебіздерін білдірді, – деп хабарлайды Ұлытау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жас мамандар Ерхан Юнусов пен Меруерт Әбілханқызына мұғалімдерге арналған жатақхана кілттері салтанатты түрде табыс етіліп, аудандық білім бөлімінің басшысы Бағдат Абдраимов алдағы уақытта жергілікті екі білім ошағы заман талабына сай жаңа модификациялық кабинеттермен жабдықталатындығын жеткізді.
Шараға жиналған меймандар мұғалімдерге арналған жатақхананадағы жаңа заман талабына сай қажетті техникалық құралдармен жарақтандырылған асхана мен оқу залдары, жуыну және демалыс бөлмелерімен танысты.
Құрметті қонақтар сонымен қатар балаларға арналған «Өнер» мектебі мен оқушылар үйінің жұмысы кабинеттерінің жүргізіп жатқан жұмысын бағамдады. Жезді кентіне келген жас ұстаз Меруерт Әбілханқызы Жезді мектеп-интернатында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, Ерхан Юнусов №6 Жезді тірек мектебінде математика пәнінен дәріс беруде.
Загрузка...