Мектеп мұғалімдерінің басқосуы
Педагогикалық шеберлік орталығының Өскемен қаласындағы филиалы мен Семей қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі және облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы бірлескен түрде аймақтағы жетекші мектептердің әдістемелік активтерінің қатысуымен «Жетекші мектеп – кәсіби серіктестікті құру алаңы» тақырыбындағы облыстық форум ұйымдастырды, – деп хабарлайды Абай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Басқосудың мақсаты: облыстың жетекші мектеп мұғалімдерінің кәсіби дамуын қолдау және озық педагогикалық тәжірибені таныстыру үшін ұйымдастырушылық-әдістемелік жағдай жасау. Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мұғалімдері тарапынан бірлестік жетекшілері мен пән мұғалімдеріне «Горизонтальды және вертикальды жоспарлау», «Критериалды бағалау», «Ұзартылған БЖБ әзірлеу әдіснамасы» тақырыптары бойынша әдістемелік қолдау көрсетіліп, Абай, Аягөз, Ақсуат, Жарма, Көкпекті, Үржар аудандары мен Семей қаласының жетекші мектептері Market Place және PITCH-SESSION бөлімдерінде іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Загрузка...