Жаңа мектеп ашылды

Түркістан қаласында алты жүз орындық білім ордасы пайдалануға беріліп, Тәуелсіздік күніне байланысты ел игілігі үшін есігін ашқан жаңа мектептің лентасын Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков қиды. Заман талабына сай салынған «Арман – M School» мектебінде оқушылар үшін жайлы сыныптар мен асхана, спорт залы, мәжіліс залы, медицина бөлмелері қарастырылған, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, жаңа білім ордасы жеке пәндерге арналған арнайы кабинеттермен жабдықталған. «Бірлік» мөлтек ауданында орналасқан Е.Иззатуллаев атындағы жалпы орта мектебінде үш ауысымда білім алып келген бір мың жеті жүзден астам оқушының 650-і жаңа мектепте оқитын болады. Жалпы облыс орталығындағы отыз төрт мемлекеттік, 27 жекеменшік мектепте елу мыңнан астам оқушыны 5 мыңға жуық  педагог білім нәрімен сусындатуда.

Социалистік Еңбек Ері, соғыс және еңбек ардагері, оңтүстік өлке жұртшылығына танымал тұлға Ергеш Иззатуллаевтің есімін иеленген жалпы білім беретін орта мектеп облыстың орталығындағы тарихы терең алтын ұялардың бірегейі саналады. 1960 жылы асар жолымен ыңғайластырыла салынған шағын ғимаратта оқыған шәкірттер 2012 жылы мемлекет тарапынан бөлінген қомақты қаржының негізінде құрылысы жүргізілген үш жүз орындықты жаңа мектепке көшірілген болатын.

Әйтсе де білімгерлер саны бірнеше есеге көбейген бұл білім ордасының таршылығы сезілгендіктен заман талабына сай кең де зәулім ғимаратқа сұраныс артты. Жаңадан пайдалануға берілген мектеп күн тәртібінен түспеген осы маңызды мәселелердің реттелуін қамтамасыз етері дауысыз.  

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий