Алматы облысында жас экобелсенділер марапатталды

Қонаев қаласында Алматы облысы ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен биыл алғаш рет экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған байқаулар ұйымдастырылды. Облыс пен қала тұрғындары «Үздік аула мен аула алаңы», шығармалар байқауы мен «Түрлендіру» фотосуреттер сайысы да өткізілді, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Облыстық шығармалар конкурсына алпыстан астам оқушылар қатысып, ішінен үздік деп төрт оқушы анықталған болатын. Олар: Гран-при – 50 000 (елу мың) теңге. Төлегенқызы Айгерім, Талғар ауданы, 32 жалпы білім беретін орта мектебі 10”ә” сынып оқушысы. Бірінші орын – 40 000 (қырық мың) теңге. Темиралинова Құралай, Іле ауданы М.Мақатаев атындағы №13 орта мектебінің 9″Ж”сынып оқушысы.

Екінші орын – 30 000 (отыз мың) теңге. Бекен Диана, Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылы, Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп –лицейінің 9 «ә» сынып оқушысы. Үшінші орын – 20 000 (жиырма мың) теңге. Оңғарбай Іңкәр, Шамалған ауылы, Қарасай батыр атандағы мектептің 8 В сынып оқушысы. «Түрлендіру» фотосуреттер мен бейнероликтер байқауына Алматы облысының мектептері белсенді қатысып жүлделі орындарды қанжылады.

Бірінші орын- Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы, «Шелек ауылындағы гимназия» КММ; 2 орын- Іле ауданы, «Т. Бокин атындағы» №41 орта мектебі; 3 орын- Қарасай ауылы, Тұрар ауданы Ә.Байсалбаев атындағы орта мектеп. «Үздік аула мен аула алаңы конкурсы» аясында Қонаев қаласының тұрғындары белсендік танытып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Марапаттау салтанатынан бөлек ғылыми-практикалық конференция мен фотокөрме өткізілді.

Конференцияға ғалымдар, экологтар және коммуналдық қызмет мамандары шақырылды. Байқаулардан бөлек «ӨРКЕНИЕТТІ ҚАЗАҚСТАН» қоғамдық бірлестігі “Алматы облысының тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті нығайту” жобасы аясында Алматы облысында мың ағаш көшеттерін отырғызып, жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту бойынша облыстың он ауданы мен қаласында үш жүзден астам адамға семинар-тренингтер өтізген болатын.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий