Абай университеті: Болашақ әлеуметтік педагогтар өндірістік практикада

Қазіргі таңда өскелең ұрпақты қоғамның талаптарына сай етіп тәрбиелеу маңызды мәселелердің бірі. Олардың әлеуметтік ортаға бейімделуін, қоғамда өз орындарын табуға дұрыс бағытталуын, құқықтарының қорғалуын, зорлық-зомбылыққа ұшырамауын қадағалауды бүгінде әлеуметтік тәрбие беретін мамандар ұйымдастырады. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті болашақ әлеуметтік педагогтар теориялық білімдерін шыңдап, тәжірибеде жалғастыруда.

Абай университетінің «6В01801-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім бағдарламасының 4-ші курс студенттері 2022 жылдың 31 қазанынан бастап Қ.Қатықбаева атындағы №168 мектеп-гимназия, Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия, №173 мектеп-лицей, №117 жалпы білім беретін мектептерден өндірістік (педагогикалық) тәжірибеден өтуде.

Өндірістік практика жетекшілері мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының профессор-оқытушылары профессор Халитова Исламия, қауымдастырылған профессор м.а. Булшекбаева Асем, Гүлбахира Ширинбаева, оқытушылар Алимбекова Анар, Ахметова Айгүл. Студенттер өндірістік практикада әлеуметтік педагог ретінде белсенді педагогикалық практикадан өтіп, әлеуметтік-педагогикалық қызмет үдерісінде кәсіби дағдылар мен біліктерін жетілдіруде.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университет
інің баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий