Ақмола облысында WorldSkills Kazakhstan 2022 ұлттық чемпионатының және “Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 студенті” жеңімпаздары марапатталды

Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде Ақмола облысы колледждерінің студенттерін – WorldSkills Kazakhstan 2022 VII Ұлттық чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 студенті» республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Іс-шараға Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов және Ақмола облысы Кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Расул Сыздықов қатысты. Валерий Георгиевич өз сөзінде жеңімпаздар мен олардың тәлімгерлерін құттықтады.

– Сіздер Ақмола облысының намысын абыроймен қорғадыңыздар. Республикадағы көшбасшылардың бірі болып табылатын өңірдің қоржынын толықтырған барлық студенттердің тәлімгерлеріне білім басқармасы басшысының атынан алғыс білдіремін. Құрметті жеңімпаздар! Сіздердің қажетті дағдылардың иесі екендеріңізге сенім мол, оның үстіне чемпионат кезінде қосымша кәсіби және конкурстық тәжірибе жинақтадыңыздар. Бұл алдағы уақытта сіздер үшін сөзсіз артықшылық, – деп атап өтті облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары.

Валерий Гамазов пен Расул Сыздықов студенттер мен олардың тәлімгерлеріне ақшалай сертификаттар табыс етті. Бірінші орын алған студенттер 100 мың теңге, екінші орын – 70 мың теңге, үшінші орын – 50 мың теңге, «Үздік маман» номинациясының иегерлері – 30 мың теңге, тәлімгерлер – 100 және 50 мың теңге сертификаттарына ие болды. “Қазақстан колледждерінің ТОП-100 студенті” республикалық байқауының жеті жеңімпазы 50 мың теңгелік ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, 4-11 желтоқсан аралығында Астана қаласында 30 негізгі құзырет бойынша WorldSkills Kazakhstan 2022 республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Өңір негізгі көрсеткіштер бойынша үздік үштікке енді, ал біздің студенттер 4 алтын, 3 күміс, 2 қола және 11 кемелдік медальондарының иегерлері атанды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий