Қостанай облысы: Ерекше балаларға – ерекше назар

Балалар жылында біздің облыстағы білім беру жүйесінің басты назарында – ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар. Білім беру жүйесінің негізі – мектепке дейінгі тәрбие. Алғаш рет мемлекеттік тапсырыс орналастыру арқылы «Amanat&K» балабақшасында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған 100 орын ашылды.

Енді мамандар тобы: логопедтер, дефектологтар, психологтар, бейімдік дене шынықтыру мамандары, нейропсихологтар – әр баламен жеке жұмыс істеп, олардың барлық жетістіктерін мұқият қадағалайды. «Amanat & K» балабақшасы ата-аналардың бастамашыл тобының арқасында пайда болды, олар 4 жыл ішінде сенсорлық бөлмені ашуға арналған алғашқы гранттан бастап толық күндік балабақшаның ашылуына ықпал етті.

Балабақша педагогтері бірқатар авторлық бағдарламалар әзірледі, ал тәжірибені жинақтау мен лицензиялауда оларға облыстық білім басқармасы қолдау көрсетеді. Айсұлу Күзенбаева бастаған балабақша басшылығы облыстың білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты ұйымдастырып, өзара іс-қимылды кеңейте отырып, тұрақты дамуға әрдайым ұмтылуда. Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары колледжінің студенттері – болашақ әлеуметтік қызметкерлер үшін балабақша кәсіби тәжірибе алаңына айналды.

«Amanat & K» педагогтері «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының тыңдаушыларына жұмыс тәжірибелерімен бөлісе отырып, сабақтар өткізеді. Желтоқсан айының екісі күні облыста ашылған 10 жаңа инклюзияны қолдау кабинетімен ынтымақтастық орнатылады, осылайша балабақша түлектері облыстың жалпы білім беретін мектептерінде оқуын жалғастыра алады. Облыстың 6 ауданында, яғни  Амангелді, Меңдіқара, Қостанай, Сарыкөл, Б.Майлин, Жітіқара аудандарында, сондай-ақ Қостанай және Рудный қалаларында он инклюзияны қолдау кабинеті ашылды.

Оның 8-і облыстық мәслихат депутаттарының қолдауымен 45,7 миллион теңгеге, үшеуі «Дара» қорының қолдауымен 3 миллион теңге сомасына ашылды. Осылайша ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар 126 бала жалпы білім беретін мектептерде білім алып, құрдастарымен өзара қарым-қатынаста болып, әлеуметтену тәжірибесін ала алады. Оқушылармен педагог-ассистенттер, логопедтер, психологтар жұмыс істейді. Ерекше балалардың жазғы демалысы мәселесі де назардан тыс қалмады.

Үйде оқитын 100 бала сүйемелдеушілермен бірге қаладағы «Хатико» оңалту орталығының базасында демалуға мүмкіндік алды. Үйде оқитын балалар өте аз әлеуметтенеді, демалысты қоя тұрсақ, олардың көбісі үйден де шықпайды. Сондықтан олар және олардың ата-аналары қарым-қатынас пен ашық ауадағы іс-шараларға өте мұқтаж. Балалар мен оларды сүйемелдеушілер үшін психологтардың, тәлімгерлердің, нұсқаушылардың қызметтері, денсаулықты сақтау және нығайту үшін іс-шаралар ұйымдастырылды, шығармашылық шеберлік сыныптары өткізілді.

Экстремалды саябақ жұмыс істеді, олар садақ атуды және командада жұмыс істеуді үйренді. Балалар мен олардың ата-аналары үшін ең маңыздысы – еркін қарым-қатынас жасау, бірлескен істер мен сабақтарға қатысу, психологиялық қолдау. Биылғы тәжірибе кеңейтілетін болады. Келесі жылы облыстың 11 өңірі ерекше қажеттіліктері бар 227 баланың жазғы демалысы үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырады. Осылайша, тиімді әлеуметтік әріптестіктің арқасында Балалар жылы жалпы білім беретін мектептерде ерекше балалар үшін жайлы кеңістік құрылды.

Зәуре БАЙМЕНОВА,
Қостанай облыстық білім
басқармасының басшысы

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий