Мұхтар Шаханов – 80: Көптің көңіліндегі ақын
Парасат пайымы биік, қазақтың ақын ұлының арын мазалап, азаматтық үнін айқындаған ана тілінің тағдыры, ұлт мүддесі туралы өлеңдері, мақалалары, шығармалары, ұлт тамырымен тұтасқан өзгеше екені даусыз. Мұхтар Шаханов қазаққа өте оқылымды, танымал ақын. Оқырманның санасын сілкіп, көңіл пернесін шерте білген, намысын жігерлендіреді.

Әр сөзі нық, ойы асыл тастай. Оның өлеңдері тазалығымен, ащы шындығымен, шынайлығымен оқырманды селт еткізбей қоймайды. Көркемдік шеберлігімен ерекшеленіп тұрады.Сұранысқа ие уытты да өткір сөздері үлкен ой салады. Сөз оралымдарын орынды қолдана біледі. Қазақстанның еңбек ері ,ақын М.Шаханов отты жырымен өрілген жыр туындысы. Ақындыққа ерте бет бұрғанын және өлеңі республикалық газетте жарияланған.
Маған сүйікті ақыныммен Алматыда және Қостанайда екі рет жүзбе-жүз кездесу бақыты бұйырды. Сөз саптауы, тілінің ою-өрнегі қазақи ұғым табиғатынан тамыр тартып, естір құлаққа ар сөзін жеткізуде тартынып қалмайтын күрескерлігіне таң қаласың.ешқашан ақиқаттың жолынан айныған емес. Мұхтар Шаханов шығармаларының негізгі өзегі – адамдықты, адалдықты, әділдікті, пәктікті паш ету, ездікті, зұлымдықты әшкерелеу. Ешкімге ұқсамайтын Мұхтар Шахановты көреміз.
Өзің-ақ айтшы ғаламда мынау
Жеңудің бәрі жеңіс пе?
Жігітке арман жеткізіп пе еді
Өз сорын өзі жеңбесе.
Өмірдің барлық сәтсіздіктері
Бақытсыздық емес ендеше! Өмірде өз қабілетіңді дұрыс танып, халқыңның қажетіне жарау үшін арманды дұрыс таңдай білу керектігін уағыздай отырып, осындай қорытындыға келді.
Мұхтар Шаханов философиялық поэмаларында ақиқат пен жалған, сенім мен күдік, махаббат пен қызғаныш, адалдық пен арамдық, ізгілік пен қиянат, ерлік пен сатқындық секілді рухани өмір өлшемдерін жақсы кһрсете білген. Рухты ақынның шоқтығы биік туындысы «Өркениеттің адасуы» дастаны. Бұл дастан қазіргі әлемдік поэзиядағы жетістіктердің бірі ретінде ЮНЕСКО тарапынан жоғары бағаға ие болып, көптеген елдердің қызығушылығын туғызғаны мәлім.
Шаханов «Өркениеттің адасуында» маңызды мәселені көтерген, ол – адамзаттың қазіргі адасуы. Оның шығармаларын оқыған сайын терең түңғиық ойларға ақынмен бірге сүңги бересің. Ой таразысынан өткізіп, көркем ойдың көкжиегіне бойлайсығ, інжу-маржанын тересің. Мұхтар Шаханов «Желтоқсан оқиғасына» орай азаматтық әрі парасаттылық көрсетті. Өзі айтқандай:
Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,
Ал, біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қоры жоқ
Кемсітпекші «желтоқсанның жалаң аяқтары» деп
Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от,
Тұрған олар аяз сорған қызыл беттің ары боп,
Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп.
«Желтоқсан оқиғасы» сөз болғанда ақын Мұхтар есімі қатар ататыны бәрімізге мәлім. Желтоқсанға» қатысты мәселелердің кейбірі, бәлкім, әлі де жабулы қазан күйінде қалар ма еді, кім білсін? Желтоқсан жастары ұлт перзенттері ретінде өздерінің теңдігін, бостандығын талап етіп, рухымызды езіп келген қызыл империяға қарсы шықты. Сондықтанда желтоқсан дауылы,ызғары арқылы Тәуелсіздікке алып келді деп айтуға толық негіз бар.
Ақын шығармаларында кездесетін кесек-кесек туынды образдар – Ақсақ Темір, Шыңғысхан, Қожа Хафиз – шығыс поэзиясында көп кездесетін бейнелер еді. М. Шахановтың ерекшелігі де сол бұрынғы қалыптасқан лирикалық өлеңдердің дәстүрлі шеңберін кеңейте отырып жаңаша леппен өрбіте білген, бұрынғы шайырларша үн қатып, жаңашылдығымен жырлауы. Ақын өлеңдерінде, қазақтың мұңы, тағдыры, қайтпас қайсарлығы жатыр. Ол «Аралдың тағдырын» шырылдап айтқан Мұхтар ақынның қазақ халқына жасаған еңбегі ұшан-теңіз, шексіз.
Рухты ақынның жалынды, өршіл жырларын жатқа айтып жүрген жастардың саны жыл сайын артып келеді. Біз соған қуанамыз. Мектебіміздегі «Темірқазық» педагогикалық клубының оқушылары ақынның 80 жылдығына арнап, қалалық білім бөлімімен бірлесе отыра, қалалық деңгейде сайыс өткізді.
Қымбат Исланбекқызы БІРМАНОВА,
Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп
гимназиясындағы қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі, Қостанай облысы, Рудный қаласы
Загрузка...