Қостанай облысы: Жаңа жыл шыршасында екі жүз оқушы ҚР Президентінің атынан сыйлық алды

Жаңа жыл – балалар мен үлкендердің ең сүйікті мерекесі. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан жаңа жыл шыршасы мерекесіне Қостанай облысының барлық өңірлерінен 200 оқушы қатысты, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов балаларды құттықтай отырып, мемлекеттің қолдауы арқасында оқушылардың өзін-өзі танытуына көп мүмкіндіктердің ашылғанын атап өтті және әрқашан өз армандарына сеніп, оларды жүзеге асыруға ұмтылуын тіледі. Сонымен бірге Құмар Ақсақалов балалармен бірге шыршаны айнала ән салып, би биледі.

Екі жүз баланың ішінде олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары, жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары, шығармашылық және қоғамдық өмірде табысқа жеткен дарынды балалар қатысты. Балалар мерекеге өте жақсы дайындықпен келген, олар түрлі сайыстарға белсене қатысып, ән айтып, өлең оқыды.

Балалардың әрқайсысы ҚР Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың атынан планшет, ашық хат, Х.К. Андерсеннің ертегілері мен тәтті сыйлық алды. Оқушылар мерекеден алған әсерлерімен қуана бөлісті. Амангелді ауданының 5 сынып оқушысы Ақылбек Қазыкен барлық оқушыларға жаңа жылды көңілді қарсы алып, жақын адамдарымен және достарымен жақсы демалуды тіледі. Жаңа жыл шыршасының мерекесі балалар үшін ұмытылмас әсер қалдырды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий