Халықаралық конференция: Профессор Өмірбекова Құтжан Құдайбергенқызының 80 жылдығы

Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті, педагогика және психология институты, Арнайы педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен Отандық арнайы педагогика ғылымының ардагері, профессор Өмірбекова Құтжан Құдайбергенқызының 80 жылдығына арналған «Арнайы педагогтарды кәсіби дамытудағы дәстүр мен жаңашылдық» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Конференцияның  негізгі  мақсаты Құтжан Өмірбекованың ғылыми мұрасы негізінде арнайы педагогтың тиімді кәсіби дамуы үшін арнайы және инклюзивті  білім берудегі теория мен практиканың, дәстүр мен жаңашылдықтың  өзара әрекеттесуінің форматы мен мазмұнын анықтау. Алқалы жиынды Басқарма Төрағасы – Ректор Гүлмира Әмірханқызы Қанай құттықтау сөзімен ашып, профессор Құтжан Құдайбергенқызы Өмірбекованың еліміздегі арнайы білім беру саласының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан көрнекті ғалым-ұстаз екенін атап өтті.

ҚР Ғылым және жоғары білім Министрі Саясат Нұрбек марапаттаған «Құрмет грамотасын» Гүлмира Әмірханқызы ғалымға салтанатты түрде табыстады. Халықаралық конференцияда Польша, Беларусия, Эстония, Ресей, Өзбекстан мемлекеттерінің жетекші ғалымдары мен отандық ғалымдар, арнайы мекеме басшылары баяндама жасады. Сонымен бірге Қазақстанның барлық өлкелерінен арнайы білім беру саласында еңбек етіп жүрген мамандар мен конференцияға қызығушылық танытқан білім  алушылар онлайн қатысып отырды.

Өмірбекова Құтжан Құдайбергенқызы республикамызда заманауи арнайы білім беру жүйесін ұйымдастырушы жетекші ғалымдардың бірі. Алғаш рет қазақ тілінде жарыққа шыққан арнайы мектептерге арналған  төл оқулықтары (Әліппе, Қазақ тілі, Отантану және тағы да басқалар) жоғары бағаланып, түрлі байқауларда жеңімпаз атанған.  Бүгінгі таңда профессор Құтжан Өмірбекованың еңбектері, ғылыми-әдістемелік жұмыстары, оқулықтары мен бағдарламалары Қазақстан Республикасында және шетелде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту мен дамыту тәжірибесінде тиімді қолданылуда.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық
университетіндегі «Коммуникация және
маркетинг» департаментінің баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий