Құрмет: Ұлы ғалымның есімі берілді

«Өз жұртына жұмыс қылып, еңбек сіңірген адамдарды қадірлеу-елдіктің белгісі» деп, белгілі арысымыз Халел Досмұхамедұлы айтқандай ағымдағы оқу жылы гимназиямызға Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімі берілді.

Каныш Сәтбаев – аса көрнекті ғалым,  академик, Қазақстан Ғылым Академиясының негізін қалаушы және оның тұңғыш президенті, ұлы геолог, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы. Жыл сайын гимназияда Қаныш Имантайұлы Сәтбаевқа арналған іс-шаралар өткізу дәстүрге айналғанды. Мектебімізде 2000 жылдан «Сәтбаев апталығы өткізіледі,

2004 жылы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Қ.И.Сәтбаевтың мүсінін сыйға тартты. 2009 жылы сәуір айында мектебіміздің 10 жылдық мерей тойы қарсаңында «Қ.И.Сәтбаев –шығыстың мақтанышы мен жарық жұлдызы» атты бұрыш ашылды. Тәуелсіздік күні қарсаныңда гимназиямызға көрнекті ғалым, геолог, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы, жерлес академик, өз елі үшін жұлдыз болып жанған Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімінің берілуіне орай «Даланың дана ұлы» атты конференция өтті.

Конференциянының мақсаты оқушыларға Қ.И.Сәтбаев туралы мәліметтер беру, еңбектерін зерттеулеріне қызығушылықтарын арттыру, даланың дана ұлының есімің ұлықтау. Конференцияға қатысқан қонақтар Қаныш ағамыздың елімізде ғылымның қалыптасуындағы сара жолын, елі үшін сіңірген еңбек жолымен бөлісті. Басқосуға Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Н. Байбакиров, ардагер ұстаздарымыз Р. Сламбекова, Б. Ибраева, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М. Сүлейменова.

Облыстық білім беруді дамытудың инновациялық орталығының басшысы Б. Аушахманова, Жазушылар одағының мүшесі, жерлес ақын ағамыз Ғ.Сапаров, Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің аға оқытушысы, география магистрі М. Омаров, Торайғыров университетінің PhD докторы, тарих кафедрасының қауымдастырылған профессоры М. Рахимов, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Ж. Марданов  атындағы қоғамдық бірлестік мүшесі, өлкетанушы Б. Ескендиров және облыс пен қалалық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан болатын.

Конференция қорытындысы бойынша Қ. Сәтбаев атындағы ғылыми- зерттеу  орталығын ашу, ғалымның атындағы түрлі дәстүрлі шаралар ұйымдастыру ұсынылды. Гимназиямызға тұңғыш академик Қ.И. Сәтбаевтың есімінің берілуі дарынды оқушыларды үлкен үмітке жетелейді.  Қ. Сәтбаевтың өмірі мен қызметі жас ұрпаққа үлкен үлгі.

Қырмызы Мухамедкалиевна АККЕНТАЕВА,
Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға
арналған мамандандырылған гимназия директорының
ғылым жөніндегі орынбасары, Павлодар облысы, Ақсу қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий